Жәшік алуға 28 млн теңге жұмсалмақ
Қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жаңа жәшіктер дайындау үшін 28 млн теңге жұмсалмақ.
Нақтырақ айтсақ, саяси доданы өткізу үшін 1 данасының құны 63 мың теңге тұратын 214 стационарлық және әрбірі 36 400 теңге болатын 426 тасымалданатын жәшіктер алу жоспарда бар. Айта кету керек, дауыс беруге арналған пунктерде бір стационарлық және 2 тасымалданатын жәшік орнатылады.