Қария бағып отырған әйелдерге ескерткіш қою керек

Oinet.kz 18-07-2021 3748

Screenshot_3.jpg

Шетелге кім шыққысы келмейді. Кім саяхаттап, ел, жер көргісі келмейді. Шамасы жетсе елдің бәрі көргісі келеді ғой.

Көп адамның оқып, білімге, сосын жақсы қызметке қол жеткізгісі келеді. Қоғамдық ортада, ұжымда жұмыс істеп, ойнап-күліп жүргісі келеді. Көп қыз-келіншектердің табысты болып, еңселі, абыройлы болғысы келеді..

Бірақ әр әулеттің үлкендері бар. Егер елдің бәрі саяхат іздеп, білім іздеп, карьера қуып кетер болса, үйдің үлкендеріне кім қарар еді? Америкада жалғыздар көп. Оларға қартайғанда әлеуметтік қызметкерлер қарайды. Тағы біразы қарттар үйінде жатып үзіледі.

Ал дәстүрі сақталған елдерде олай емес. Айтпақшы, статистика бойынша, қарияларына құрметпен қарайтын елдердің алдында Корея тұр екен. Қазақ та бұл жағынан жаман емес шығар деп ойлаймын.

Екі келіннің, не екі қызының,  ең болмағанда біреуі өз арманын құрбан етіп қартайған ата-анаға қарауға келіседі ғой. Менің Шолпан жеңгем, жалғыз қайын әпкем немесе өз әпкем Сабира сияқты.

Біз ғой білім қуайық, саяхаттап ел көрейік деп насихат жүргізіп, елді қызықтырып жататын. Әркім жақсы өмірге қол жеткізсе дейміз де. Әйтпесе дәл менің бұл жерде ешқандай да мүддем, бизнесім жоқ.

Шын мәнінде үлкендердің бабын жасап, қарайтын адам әр әулетке қажет. Ондай адамдар әр әулетте бар да. Парасат биігімен өлшейтін болсақ әр елге еліктегіш талай шетел көргеніңнен, талай дипломы бар тәкәппар адамдардан дәл сол қария бағып отырғандар биік тұрады.

Маған салса әулеттің қариясын бағып отырған әр келінге, әр қызға арнап ескерткіш қойғызар ем.

Ата-енеге, қартайған әке мен шешеге қарап, қолында бағып отырған әр әйел қандай құрметке де лайық!

Назира Байырбектің Фейсбук парақшасынан

Ағам тұрмыста болған келіншекке үйленем дейді
Танымал оқытушы тоқал алуды, «көпқатыншылдарды» қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу