Мұқағали Мақатаев. «Тауға келсең»

Oinet.kz 29-08-2019 987

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Тауға келсең, қыста емес,

Күзде келгін!

Қарсы алдыңнан табылар іздегенің.

Жапырақтың көресің әлі-дағы,

Тіршіліктен күдерін үзбегенін.

Ойландырар шақ қой бір - күз дегенің.

Ойландырар күз деген - кіші бесін,

Күн төбеңнен ауғанын түсінесің.

Ескі жұртты көргенде жайлаудағы,

Құлын да жоқ желіде байлаудағы,

Шыдап баққын, бір сәтке мүсірерсің!

Жазынды еске жабығып түсірерсің.

Жадыда кеп жалпақ жаз, бақ - мекенің,

Түсінесің думанды шақ та өтерін.

Құлақ түріп, қурайдың ызыңына,

Ұғынасың өмірдің тәтті екенін.

Мұқағали Мақатаев. «Үзіліп түскен алмадай»
Кетбұға жырау өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу