Кетбұға жырау өмірбаяны

Oinet.kz 29-08-2019 2675

Screenshot_16.jpg

                Кетбұға жырау (1150-1225)

Кетбұға (шамамен 1150 – 1225) – жырау, күйші, аңыз кейіпкер,қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйшісі және халықтың тарихи аңыздарының кейіпкері. Оны көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те атайды. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер "Шадтжарат өл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы мен халық аңыздарында кездеседі.

 Шыңғыс ханға естірту:

14 ғасырда жазылған “Шаджарат әл-атрак” (“Түрік шежіресі”) атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша иісі Дешті-Қыпшақты аузына қаратқан Жошы хан аңда жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұға жырау: "Хан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?", "Түп-тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?" — деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін "Ақсақ құлан — Жошы хан" күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұға жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні нақышты болып, көркейе түсті.Кетбұғаның "Ақсақ құлан — Жошы хан" күйі мен оның орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Сол кезеңде халық арасында кеңінен таралса да, Кетбұға жыраудың басқа рухани мұрасы, әдеби шығармалары біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол қарапайым халықтың өмірін өзекті мәселелері туралы жыр жолдарымен беруге ұмтылды, сондықтан да халық оны "Ұлы жырау" деп атап кетті.

Кетбұға сөз өнерінің дамуына да өзіндік үлес қосты. Ол көптеген қазақ жырауларының шығармашылығы мен стиліне игі ықпал етті. Мәселен, ХV-ХVӀ ғасырлар шегінде өмір сүрген Доспамбет жырау бір толғауында: "Кетбұғадай билерден, кеңес сұрар күн қайда?!" — деп жырлайды, оның сөздерімен таныс екендігін білдіреді.Халық Кетбұғаны "Ұлы жыршы" деп те атаған. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. Халық аңыздары мен өлеңдерінде ол халық қамқоршысы мен даланың дана биі бейнесінде сипатталған.Кетбұға жырау туралы аңыздар қырғыз фольклорында да кездеседі.

Мұқағали Мақатаев. «Тауға келсең»
Мұқағали Мақатаев. «Үміт»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу