Аркадағ Елбасының қателігін қайталағысы келмейді

Oinet.kz 15-02-2022 1476

OINET.KZ - Түркіменстанның президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов елде президент сайлауының өтетіндігі туралы мәлімдеме жасады. Сайлау 12 наурызға белгіленіп отыр. 

Screenshot_2.jpg

Биыл 65 жасқа толатын түркімен президенті мұндай қадамға «жастарға орын беру» үшін барғанын жария етті. Жалпы Түркіменстанда Аркадағтан кейін кімнің ел басқаратыны бұрыннан белгілі. Президенттің ұлы Сердар  Бердмұхамедов түркімен елінің бас сардары болуға әлдеқашан жарап қалған. Биыл 41-ге толатын Сердар бұл үшін биліктің барлық баспалдақтарынан өтті. Сенат депутат, уәлиат хокимы, министр болған ол былтыр вице-премьер лауазымына тағайындалды. Түркменстанда президент пен премьерлік бір адамның қолында. Яғни, Сердар қазіргі уақытта әкесінің орынбасары болып қызмет етеді. Оның президент болуына ешқандай кедергі жоқ. 

Түркіменстанда президент сайлауы соңғы рет 2017 жыл өткен болатын. Аркадағ 97 пайыз дауыспен жеті жылға, дәлірегі  2024 жылға дейін сайланған. Бердымұхамедов осы мерзімді күтпей, сайлау өткізуге неге асықты? 

Сарапшылардың пікірінше, Аркадағ Қазақстандағы жағдайдан сабақ алып, Назарбаевтың қателігін қайталағысы келмейді. Яғни, ол ұлына билікті делдалсыз тікелей және күш-қуаты бар кезде тапсырып кетуді мақсат етіп отыр.

Берік Уәли "Қазақстан" телеканалына бастық болды ма?
Тоқаевтың баспасөз хатшысы әйелдердің сағатын тақпайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу