Мұқағали Мақатаев. «Үміт»

Oinet.kz 29-08-2019 1088

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Түнек түннің ішінде,

Көз ұшында алыстан,

Әлде ой, әлде түсімде,

Тек бір сәуле танысқан.

Ол сәулеге ұзақ қарап,

Қимадым тастап кетуге.

Алып ұшып жігер-талап,

Ұмтылдым мен де жетуге.

Ұстатар емес ол сәуле,

Келемін қуып, жетпедім.

Болмаса игі босқа әуре,

Талпына жігер еткенім.

Ол сәуле - үміт шырағы,

Талайлар қуып жығылған.

Жай тауып қалай тұрады,

Ұштаспай оған шыбын жан.

Кетбұға жырау өмірбаяны
Мұқағали Мақатаев. «Самал есті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу