Пушкин жазған «Евгений Онегин» туралы қызықты деректер

Oinet.kz 20-06-2019 3077

«Евгений Онегин» шығармасының авторы орыс әдебиетінің негізін салушы, ақын, жазушы – Александр Сергеевич Пушкин. Оның Онегин жайлы шығармасы - ең үздік және танымал дүниелерінің бірі болып есептеледі. Әрбір орыс оны оқыған десек болады. Олар Пушкинді балаларға мектептен оқытады. 

Ендеше, "Евгений Онегин" еңбегі туралы қызықты деректерге тоқтала кетсек:

1. «Евгений Онегин» романын жазуға Пушкин жеті жылдан астам уақыт жұмсады. Ең алғашқы шумақтарын 1823 жылы 9 мамырда Кишеневте жазды. Мұнда жас Александр саясатқа қатысты эпиграмдық сілтемесімен ауысты. Бұл жерде жаңа ресми тұлға ретінде генералдың канцеляриясына келді. Ал бұл шығарманың өзі 1830 жылы 25 қыркүйекте Болдинода аяқталады. Пушкиннің өзі нақтылап, еңбегін 7 жыл 4 ай және 17 күн жазғанын айтып берді.

2. Шығарма үшін қаламақы мөлшері - 12 000 рубльды құрады. Бұл аз ба әлде көп пе? 2016 жылы РФ Есеп палатасы осы ақшаны қазіргі эквивалентке келтірді. Мысалы, қазіргі күнгі сиыр етінің бағасымен салыстырып, бүгінгі Ресей және ХІХ жүзжылдықтағы бағаны  салыстырды. Сондағы нәтижесі Пушкин біздің заманғы ақшамен салыстырғанда 10 500 000 публь ақша тауыпты.

3. Ұзақ уақыттар бойы роман тек жеке-жек тараулармен шығарылып тұрды. Әрбір жаңа шығарылым Пушкиннің талантын бағалайтындар үшін үлкен маңызды оқиға деп есептелінді. Ал роман толығымен 1833 жылы баспадан шықты. Оқырмандар оны тез арада сатып алды.

4. Кітаптың алғашқы бөлімінің бірін өзінің туған інісі Лев Сергеевич Пушкинге арнады. Ол романның 5 бөлімін құтқарып қалды. Қалайша? Александр Санкт-Петербурге барар жолында бесінші бөлім жазылған қолжазбасын жоғалтып алды. Інісі Левтің ерекше есте сақтау қабілетінің арқасында жоғалған өлең жолдарын дереу қайтып жазылды.

5.Тағы айта кетер нәрсе, бұл бесінші бөлімнің соңғы хикаясы емес. Ұзақ уақыт болмай ол өзінің еңбегін А.М Загряжский атты інісінің  қайын атасына карта ойнап ұтылды. Амалсыздан ол соңғы ойын сұрап, барлығын қойды, тіпті дуэльдік қаруларын. Бірақ осы жолы да, сәттілік Пушкиннің жағын алды да, ол барлығын өзіне қайтарып алды.

Картинки по запросу евгений онегин

6.Онегиннің прототипі болды ма? Әлде ол ойдан шығарылған кейіпкер ме? Пушкинге қатты әсерін тигізген ағылшын поэті Джон Байрон және оның романтикалық кейіпкерлері болды. Бірақ әдебиетшілер Онегинді философ Петр Яковлив Чаадаевқа ұқсатады, себебі ол Пушкинмен 1816 жылы танысты. Ол кезде Чаадаев Гусарлық лейб-гвардияда борышын атқарды.

7.Романда тағы да айтып кетілгені, Онегиннің бас киім киіп жүретіні. Ол «боливар» деп аталды. Ол цилиндр тәріздес үлкен жолақтарымен сәнделген. Латын Америкада Симон Боливар атты бостандық қозғалысының басшысының тегіне қарай алынды.

8.Бір қызығы, Симон екібұрышты бас киімді шляпаларды кигенді ұнататын, ал «боливар» бас киімі оны жақтаушы крестьяндар киетін еді.

9.«Евгений Онегиннің» екінші баспасы дәл оның өлімі алдын жарияланды, яғни 1837 жылы. Сол заманғы тираж дәрежесі тым жоғары болды – 5000 экземпляр. Қымбат тұратына қармастан (5 рубль), кітаптар бір аптаның ішінде сатылып кетті.

10. «Евгений Онегинді» бірнеше мәрте экрандарға көрсетті. Ең алғашқы картинасы даусы жок фильмдер дәуірінде шықты. Нақтырақ айтсақ, 1911 жылы. Бұл картинаның режиссері Василий Гончаров болды.  Онегинді Петр Чардынин ойнады.

«Шерлок Холмстың» авторы Артур Конан Дойл жайлы қызықты деректер
Мақсат Қарғабай. Қымбатшылық (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу