«Шерлок Холмстың» авторы Артур Конан Дойл жайлы қызықты деректер
Артур Конан Дойл – әлемге танымал ағылшын жазушысы, көптеген қызықты оқиғалардың, тарихи, журналистік, фантастикалық және юморлық жанрлардағы шығармалардың авторы. Детективтің, ғылыми-фантастикалық және тарихи әңгіме әдебиетінің классикалық кейіпкерлерін шығарушы. Соның бірі тамаша детектив – Шерлок Холмс жайлы қызықты хикаялалары.
1. Аты аңызға айналған әйгілі детектив Шерлок Холмс атақ-даңқы жөнінен өз авторынан асып түскен кейіпкер. Ал автор Артурдың өміріне келер болсақ, кейіпкерге қарағанда оның өмірі қызық екенін көбісі біле бермейді.
2. Артурдың туысқандары оны ағасының ізімен жүреді деп ойлаған. Себебі, оның ағасы өте талантты суретші және әдебиетші болған. Бірақ оның медицинаға қызығады деп ешкім ойламады.
3. 1822 жылы 23 жасар жас дәрігер Артур Конан Дойл өзінің ең алғашқы жұмыстық тәжірибесін Портсмут қаласында бастады. Жас дәрігер болғандықтан оған науқастар аз барды. Сол себептен ол қосымша жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Сөйтіп ол әңгімелер жаза бастады.
4. Оқырмандарға "Шерлок Холмстың" жетуі қиын болды. Ол алғашында тек повестьтерде ғана кездесіп тұрды. Бұл кейіпкерге қызығушылықты 1886 жылы тек «Ward and Lock» баспасы ғана танытты. Басқа баспалар тек кері жауаптар қайтарып отырды. Қызығушылық танытқан баспа оған осы авторлық идеясына небәрі 25 фунт стерлинг берілді. Одан бөлек, еңбектің баспаға шығуы тек келесі жылға қалдырылып отырды. Себебі оны «арзан әдеби шығарма» деп есептеді.
5. Жазушы Шерлок Холмстың "тұтқыны" болатынын білмеді. Оның жоспары бойынша ол Шерлок жайлы тек бір-екі әңгімелер жазу еді. Бірақ «Стэнд» баспа үйі оны үлкен өтінішпен Холмстың қызықты кейіпкерлік оқиғаларын жалғастыруды сұрады. Осындай редакторлардан құтылу амалымен Артур әр хикаяға 50 фунт сұрады. Автор бұл бағаға баспалар келіспейді деп ойлаған болатын. Алайда баспа үй оның айтқан бағасын ойланбастан мақұлдады.
6. Ары қарай бұл табыстың көзі әрбір хикая үшін 1 000 фунтқа жетті. Холмстан шаршаған Артур Конан Дойл кейіпкерін «өлтіруді» шешті. Англияда мұндай шешім үшін қызыққан халық наразылық көрсетті. Сөйтіп автор кейіпкерін қайтып хикаяға «тірілтті».
7. ХХ ғасырдың басында Артур Конан Дойл ең жоғары жалақы төленетін әдебиетші атағына ие болды. 1902 жылы ол рыцарьлық «сэр» деген атақ қосты. Тек әдебиет саласында ғана емес, ағылшын-бурлық соғыста дәрігер ретінде сіңірген еңбегі үшін.
8. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 55 жасарлық Артур, еркіндікпен армияға баруға шешім қабылдады. Жасы үлкен боғандықтан рұқсат берілмеді. Сөйтіп сол кезде Артур Конан Дойл азаматтардан тұратын топ ұйымдастырды. Ол топатың басты мақсаты соғысқа еркіндіпен бару. Соғысқа баруға рұқсат бермегініне қатты күрсініп, өзінің «шыдамды және мықты» екендігін көрсеткісі келді.
9. Физикалық жағынан Артур расында да өте мықты және шыдамды еді. Ол бала кезінен шыныққан, барлық спорт түрімен айналысқа: футбол, бокс, регби, тау шаңғысымен. Тіпті жасы келгеннің өзінде ол әртүрлі жаттығулар көрсете алатын еді.
10. Артур Конан Дойлдың өзі оның ең дәрежесі жоғары әдеби еңбектеріні бірі Шерлок Холмс жайлы хикаялары емес, «Белый отряд» еңбегін санады. Ол ең алғаш рет 1891 жылы жарияланды.