Нұрхалық Абдырақын. Адамдар шайтанға алданды (әңгіме)
Шулаған баланың даусынан шарадай басы шақшадай болып, құлағын басып, шаңға қақалып тысқа шықты Шалқар, дипломмен ауылға деген бағдарлама бойынша ауылдық мектепке мұғалім болып жұмысқа тұрғанына міне үшінші күн, неге екені жұмысқа деген ыстық ықыласы бірден су сепкендей басылды, алайда оны елер мектеп жоқ, шидиген бота тірсек, жалаң бұттан аз жоғары иупка киген, сар шашты, ирек қасты, ұзын тырнақты апайлар мен қозы қарынды дироктор ағайдың ашшы даусы анда-санда бір шаңқ етіп мектеп шініе ілезде тарап қалың баланың даусына сіңіп жатты, бірі кіріп-бірі шығып асыр салып шаулап жүрген жындыбыс балалар, өзімен өзі жүрген жуас балларды соға-моға құлатып түсіреді, олардың құлағанына мәз, біреуді шырылдатып содан лазат алуды осы мектептен үйреніп жатқан қаншама жас жеткіншекті көзімен көріп тұрған Шалқар бұл арадан безіп кеткісі келді. Мектепте тек қырық жаны бар шыдамы мықты әйелдердің ғана жұмыс істейтінін, өзінше сезгендей болды. Шырқыраған қоңырау даусы бүкіл мектепті тыныштыққа шақырды, апайлардың бір қарыс өкшелі аяқ киімдерінің тықылдаған даусы залды жаңғырта барып, шиық етіп ашылған есік даусы мен мектеп тыншыи қалды, тек анда-санда тапылдата жүгіріп бара жатқан сабақтан кешіккен оқушылардың дыбысы соңғы демді жұтып, мкетеп іші сілтідей тынды. Міне осылай сағат сайын қайталанатын меткеп өмірінің күнделікті тірлігі қыз-қыз қайнап тұр, Шалқарды жұмысқа сүйреген күш осы бағдарлама бойынша беретін ақша немесе жұмыссыз қалам ба деген қорқыныш емес, ол тек елі үшін ерінбей еңбек етіп, Алла ризалығына жету деген ой.
Жетінші сыныпта оқып жүрген шағы жаздық демелыс кезінде басқа баллар лагерге кеткен кезде атасы ертіп медресеге апарған, осы кезде бала жүрегі Илахты танып, тілін климаға сындырып Алла ризалығы деген ұғымды санасына сіңірген болатын...
Ақ қайңның жапырақты белгілі бір заңдылықты сезгендей төмен қарай бас иіп,сүңгілей өсіп тұр, олар иліген сайын діңі жуарып жылдан жылға заулім ағашқа айналып барады. Әдемі ақ қайңның аясындаға тапшанда отырған төрт бес жігіттің біреуі орнынан атып тұрып бұлардың қақпаға кіруіне қос қолын ала жүгіп, ыстық ықыласпен сәлем берді.
-Балам медресе осы емес пе?
-Я, ата осы деп есікті аша ішке енгізді. Есіктен кірісіне бала шәкіріт аяқ шешер жерде сүйретпе дайндап, иіліп қызымет көрсетеді, үлкен құрлыстың ішіне аяқ шешіп кіріп көрмеген және бұлай жайылған жастықтай қызмет көрсетуді тұңғыш көрген Шалқар мен атасына қабылдау оңайға соқпады, іштің барлығы жарасымды кілемдермен көмкерілген, қабылдау бөлмесі деген жазулы есікті ашып ішке енгізді тәпішке кигізген шәкіріт, мысық мұртты бала жігіт орнынан тұрып, сәлем беріп, мұнда отырыңыз деп мамық орынды нұсқады.
-Я, ата ел-жұртыңыз, ауыл-аймағыңыз аман ба?
-Шүкір балам, мына немеремді жаздық демалыста сіздерге берсем деп едім.
-Я, ата біз қайырымдылық мекемесіміз, Алла ризалығы үшін еліміз, жерімізге тәрбиелі, инабатты, иманды адам жетістіру мақсатындамыз.
Керекті құжатарның көпясын түсіріп, тиісті қағаздарды жазып қол қойдырып алған ұстаз. Енді ата немереңізге №086 анықтама және 5 сынптан бергі оқу үлгірімінің көшірмесі керек.
Осылай басталған жазғы демелыс күндері Шалқарды өзі біледе бермейтін шаттыққа бөледі, оның жанына осы ара жақты, бірінші күні аға ұстаздың біреуі барлық баланы жинап үлкен залда сөзін былай бастағаны әлі есінде: балалар әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунасыр Әл-Фараби және бүкіл түркі дүниесінен шыққан атақты ғалымдар Ибин Сина, Ахмен Югноки, Махмұд Қашқарай, Жүсіп Басасағұн тағысын тағы атақты ғалымдар кешегі Абай, Шәкерім, қазақтың хан сұлтандары, жыршы мен жыраулары, бастарын қазақтың елдігі үшін отаршылы оырстардың қылышына жасқанбай тосқан атақты Әлихан бастаған Алаш қайреткерлері бар-барлығыда алғашқы білімдерін есікіше мекетеп немесе медреседе алған. Адам алдымен Хақты танып, өзін жаратқан иесін біліп сосын ғана ғылымға бас қойса өмірде жолы болып екі дүниесі бақытты болып, нағыз ғалым болары хақ. Себебі ғылым алланың бір есімі сіздер соны жаңғыртасыздар, сіздер мінеки сол аталарыңыздың ізімен медресе есігін ашып отырсыздар қадамдарыңыз нұрлы болсын, өмір жолдарыңыз бақыттқа толы болсын деп сөзін доғарды.
Арықарай оқуда жалғасты оқумен бірге ойда жалғасты. Біз не үшін ғұмыр сүреміз деген сұраққа жауап іздей отырып барша адамзатпен жындар бір Аллаға құлшылық жасауға міндетті екенін осы арадан білді. Аараб тілінің әлпесі мен имандылық, адамгершілік, үлкенді силау, кішіні аялау бағытында тәлім тәрбие алды, сонымен бірге өз елінің тарихы, этнографиясына қанықты.
Бұнда өте инабатты, ибалы нағыз салиық ұстаздар білім берді. Аттарның өзі кездойсоқтық емес сияқты, Мухамед, Қызыр, Табарак, Нұрбағ, Салиық, Аян, Алау, Алмас міне осылай тізбектеле беретін адам аттары осы ортаның хикіметіне нұр беріп тұрды.
Неге бүгінде медреселермен мектеп екі бөлек? Неге осы жерде оқи бермеймін баяғы аталарымыз осы арада оқып әлемдік ғылымды меңгеріп жалпақ жұртқа аттары машқұр бопты деген ой медреседегі Шалқарды мазалай берді....
Ақыры жауабын тапты, шайтанның достары имансыз ғылым мен тәрбиесіз ілімнің адам үшін өте хәуіпті екенін көзге ұстай отырып, сендер құрандарыңды оқып осы жерде қалыңдар, біздер жаңаша оқу орнын ашамыз деп ғылым деп илақи ілімді бір-біріне қарсы қоятын лекциялар оқыды, қызылды-жасылды нәпістің қалауларының бәрін жасады, ал оның астарын сезе алмаған дүмше жүрт, балларын жаппай мектептерге берді, одан оқығандарға диплом бере бастады, ақшамен арбады, азғырды, шала молданың өмір бойғы құлшылығынан шын ғалымның бір сағаттық еңбегі асып түседі деген құран сөзін өз сөзіне айналдырды, Хақты танымаған ғалымның қанатсыз құс екенін біле тұра, әдейі магистір, кандидат, доцент, доқтор, прфессор деген ғылыми атақтар берді, ізнашоктарды кеуделерге тағып, әйелдердің бетінен ашық жұрт көзінше, күйеулерінің алдында сүйе бастады, рухтарын әбден матап, саналарын сарт тап жасап тынды, енгі жерде олар өлмейтіндей күй кешіп, қайдан шыққандарын ұмытты, енді міне адамдар құдды өз анасын таныман маңгүрттің күйін кешіп мәңгіріп жүр, сол жалған ойдан шығарылған жалған атақтар үшін арып-ашып, бірі мен бірі жауласып, дауласып жүр, тіпті медресінің ішіндегілерді де әбден улап тастады, періштелерге жетпіс мың жыл сабақ берген ғұлама ібіліс оның бәрінің жолын үйретті, күйретті, барлық адам ақыры алданды...
Қайта безектеген қоңырау үні мектеп ішін ұлардай шулатты, өзіннен адасқан Шалқар сенделектей сабаққа кіруге дайындалу үшін еріншектене басып мүғалімдер бөлмесіне енді.