Нұрхалық Абдырақын. Қала (әңгіме)

Oinet.kz 02-11-2020 1031

image.png

Тұнжырап барлығына мақұл деп бас изеп тұрғандай ауыл жансыз мүлгиді, бұл қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршілікті есіңе салады.

Бұлай не ішкенге не кигенге жарымай отырғанша қалаға кетем деп жұлқынды Ержан әкесі мен шешесіне таңғы шайда.

- Төрімізден көріміз жақын біздерді өлсек кім жерлейді, балам-ау?! - деп зар қақты кемпір байғұс даусы дірілдеп.

- Жібер барсын! Алдын тоспа, күнін көрсін! - деді қалтыраған әкесі Ошан.

Ертесі Ошанның жалғыз ұлы Ержан қартайған әке-шешесін тастап қалаға көшіп кетіпті деген сөз алақандай ауылдың төбесінде қалықтап жүрді.

Қала ол мүлде басқа тіршілік ортасы, ол сан мәдениеттің ошағы, қаласаң жақсылыққа, қаласаң жамандыққа дос боласың. Мұнда Ержанды тосып жылы құшағын ашып тұрған ешкім де жоқ еді, ол енді жүктерін Сайран вокзалына тастап, келіншегі мен баласы екеуіне тастап, өзі жетім бұрышқа пәтер іздеп кетті, ол атын естігені болмаса, жетім бұрыштың өзін зорға тапты.

Түрлерінен шаңы шығып тұрған топырлаған адамдар шоғыры, шетіне ілінгені сол комната, времянка, бір күндік қоналқы ма, қайсы районнан керек деп сұрақтардың астына алған сары келіншек етегіне жармаса кетті.

Алдарына бір-бір стол қойып алған бес биенің сабасындай аулдыдан таппайтын бәйбішелер осында отыр, стол беті адам тағдыры сияқты шимақ жазуларға толы, жандарында сүйеулі тұрған ағаш тақталар да қызылды-жасылды көз жетпес ұсақ жазулар, ұзаққа созылған керпіш қабырғалардың бос жері жоқ , бүкіл қаладағы үйлер мен жерлерді санап алардай, сан форматты қағазда жапсырылған жарнамалар. Қала дегенің осы ма сонда? Бар дүниесін басқа елдің пайдалануына беріп қоятын деп ойлады Ержан .

-Қайсы районнан керек ? - деді жаңағы сұрақшысы.

Ауылдан жаңа келген қара қазақ қайдан білсін қаланың қай түкпірін, бұл тұрмақ оқыған-тоқыған аузын айға білеген қазақтардың өзі Алматы қаласының шетін маңайлай алдыма егемендіктен бұрын, қалаға тұрақты тіргеуге қоятын жеті адамнан құралған комиссияның ішінде бір қазақ жоқ, қазақ Алматыға келсе көшені былғап кететіндей қазаққа үрке қарайтын сол заманда, тым болмаса студент болып сол тіркеушілерден аттап өтіп қала өмірін көруде бұл бейбақтың маңдайына жазылмапты. 

-Заттарым Сайран авто вогзалы жақта - деді күмілжіп.

Жаңағы сар келіншек Ержанды жетектеп бір столдың басына келіп бағаларын көрсетті, ол жерде комната 20мың теңге, жаздық үйлер 35мың теңгеден деді. Қайсысы дегендей клиентіне тесіле қарады.

-Комната керек! - деді өз жайы өзіне белгілі Ержан.

-Мен сізді ертіп барсам 3мың теңге, осы жерден мекен-жайын айтсам бір мың теңге - деді сары келіншек тақылдап.

-Бопты, 3мың теңгеңді ал, ертіп бар - деді Ержан. Ауылда 3мың теңгенің де үлкен ақша екені есіне түсседе таба алмайтына көзі жетіп амалсыз келісті.

Ақшасын алған келіншек жігітті ертіп таксиге отырды, зулап жатқан сан көлікте есеп жоқ, бірімен бірі жан таласа жарысады, артта қалса оның рыздығын алда кеткені алып кетердей жүйткиді, бағдаршамда ғана ыңқ етіп тоқтайды, қайта ышқына тұра ұмтылады. Тіршілік деген осы, қызылды жасылды дүниеге алданған адамдар арпалысып дүние қуып асығып барады...

-Келдік, ақшаңды төле - деді сары келіншек.

Селк ете қалған Ержан еріксіз қалтасына қол салды.

Бір бұрыс көшеден теріс айналған екеуі көк сұр қақпаның қоңырауын безектетті. Әп-сәтте әлекедей жаланған арық қара келіншек сылаң қағып есік ашты. Төрт жағы түгелдей биік дуалмен қоршалған кішкентей аулада, қызыл қоңыр түске боялған үй, есік алдында екі машиналық орынан басқа жер жоқ, тар ауланы тымырсық бір иіс әбден торлап алған. Ауылдағы көкшулан бұлттары ойнап тұратын, екі басына бұзау қуса жете алмайтын өз ауласын еріксіз есіне алды.

-Міне мынаған тұрасыз - деді, қара келіншек бір кішкентай бөлмесін көрсетіп.

-Жақсы жігітім - деп сары келіншек асығыс тайып тұрды.

-Сайрандағы жүгімді қалай алып келемін? - деді қара келіншекке жалынышты түрімен.

-Жақын жер, міне мына қағазды таксиге көрсетсең алып келеді - деп, аяқ қолы шапшаң келіншек ақ қағазға сызып бере қойды.

Кешкі апақ-сапақта әйтеуір зорға келіп өз комнатасына жайғасты-ау бір үйлі жан. Шаршағаны соншалық бір тамағын зорға ішіп барлығы мұрттай ұшты.

Қап-қараңғы түн. Ержанның беті жып-жылы болып кетті, түсімбе деп ұйқысыраған оның бетін бірдеңе жалай бастады, не болды саған Камила қалаға келіп шабытың басқаша ашылғанба деп келіншегінің атын айтып, бір аунап түсіп, қырындап жата бергені сол, желкесін ып-ыстық леп өпкенде селік етіп басып жұлып алды, «арыс» етіп қалды бір дыбыс, бір бәленің барын сезген Ержан қозғалуға шамасы келмей басын көтерген бойы қатып қалды, бетін әбден сүйген дәу мақұлық, шөлі қанып кері шегінді, тездетіп барып төкті жақты, танадай қызыл қоңыр төбет қарсы қапталда жатқан әйелімен баласына жақындап барады, не істерін білмей абдрыраған отағасы үй иесіне айтуға орнынан тұра жүгірді, итте артынан ере шығып Ержанға айтпа дегендей үсті басын тіміскілей бастады. Тыпыр етсе ала түсетін сияқтанды бұған, мыз бақпай қасқайып қоңыр төбеттің келесі қимылдарын бағып тұрудан басқа шарасы қалмады, бақайшығынан бастап асықпай искелеген ол еркектігі тырсиған жерге келіп біраз кідірді, жеп қойяма деп жаны мұрнының ұшына келген Ержан одан сайын сіресіп қатып қалды, бөксе жағын тұмсығымен түртіп-түртіп жіберген қоңыр төбет енді Ержанның қолдарын сүйгіштей бастады, осылай қатаң тексерістен өткізген аула күзетшісі зорға дегенде одан жылыстады, кері айлана өз бөлмесіне енген Ержан енді ауладағы есік ілмейтін әдетіне әбден өкінді.

Бағанағы сасық иісті түн жарымда толық білген ауылдың маубас жігітінің ұйқысы шайдай ашылды.

Бүйткен қаласы құрсын деп, қолын бір сілтеп түн жарымда әйел-бала шағасын алып ауылына тұра қашқысы келді, есік сыртында күзетші тұғанын сезіп тырып етпей басын бүркеп жата қалды, тұңғыш рет өз қатесін таныған Ержан бармағын шайнап егіліп жылады, әйелім естіп қоймасын деп аузына көрпесін тыға ұзақ-ұзақ егілді.

Бет аузы қып-қызыл болған отағасы таңды зорға атырып таң намазының уағында өмірінде бірінші рет ояу болды, есік аузына барып түндегі қоңыр төбеттен қорқып біраз тұрды, оған болмады, кіші дәреті қысып барады, есікті ақырын қиялап ашты, ит көрінбеді, ол иттің таң намаздың уағында ұйқтап қалатынын білмейтін еді. Ақырын баспалап тысқа шықты, әдемі бір леп бетін өпті, оны білер ол жоқ, әжетқанаға ауын сығымдап зорға жетті.

Азанның жанды балқытар, рухты серпілтер даусын естіп рахаттанып далада тұрып көкке көз тастады, көк дейтін қалада көкте жоқ, бұлыңғыр тұман ба, іс-түтек пе бірдеңелер қалықтап жүр.

Неге екені белгісіз Ержан түнгі көрген азабын бірден ұмытып азанның соңғы даусымен үйге кірді.

Ұйықтап кеткен отағасын келншегі Камила оятып жатты, әке есік сыртында дәу ит тұр деп баласы Ержанды селік еткізді, орнынан қалай тұрғанын білмей қалған Ержан аласа төбеге басын ұра жаздады.

Түнде болған істен әбден шошыған Ержан арық қара келіншекті шақырып итті сыртқа шығаруын өтінді. Көзін уқалап есік ашқан келіншек:

-Ол осында жүретін ит қой, тиіспейді- деп есігін тарыс жапты.

«Тиіспейді» деген сөзді малданған үшеуі ақырын тысқа шықты, жаңа туған бұзау арыстаннан қорықпайды дегендей баласы алдарында заулап барады, оқыс қимылдауға Ержан қорқып сап түзеп келеді. Итте арттарынан искелеп сүмеңдеп бір қалмайды.Естеріне күндіз түні байлауда тұратын үш-төрт күнде бір тамақ ішетін байқұс Ақтөсі түсті, тамақ құйғанда қанша қарны ашып тұрсада керіліп алыс тұрушы еді.

Бір шаңырақ астындағылар таңғы шайларын ішіп бола, үй иесі бұлардың лашығына басын сұқты, қазан бас, шүршіт көзді алып жігіт, тілін бұрап сәлем дегеннен ары аса алмады.

Оны тыңдар Ержан жоқ, бар есіл дерті не істеп қалай жан бағудың қамы. Ауылға қайта кетіп қалғысы да келді, бірақ қу намыс жібермеді, тісін-тісіне басып далаға шықты да, қара келіншекті жек көріп тұрсада амалсыз жанына жақындап күн көріс бойынша кеңес сұрады.

-Не мамандығың бар? - деп жұлып алғандай сұрады келіншек.

-Мал бағыу - деп міңгірледі ол.

-Оныңа жұмыс жоқ-қой қалада, ол үшін ауылға бар! - деп төтесінен қойды келіншек.

-Мына Сайранда жүк тасушы болып жұмыс істеуіңе болады, бірақ ол үшін вокзалдағы тиісті адамына тиын бересің және арба сатып алуың керек - деп бір тоқтады келіншек. Аяғымен жер шұқыған Ержан бар ақшамды саған бердім, енді ақшам жоқ қой дегендей келіншекке қарады.

-Болмаса, Сейфулин көшесіне барып арқаңды тосып жалданбалы жұмысқа жегілесің - деді де келіншек шыр еткен телефон даусынан бөлмесіне енді.

Құлағында жаңғырып қалған Сейфулин көшесін іздей Ержан оғанда келді, тарихтағы қырғын соғыс жылдары болғанда ел қорғайтын қазақтың нар жігіттерінің барлығы осында тұрғандай, екі иығына екі кісі мінгескен алпамса азаматтарды көріп өзіне басқаша қарады Ержан.

Қала зулаған көліктер, өмір ағысы сияқты мүлде тыншымайды, арлы-берлі заулайды да жатады, ауылдағы өздерінің маң-маң басқан табыннан қайтқан сиырлары көз алдына келген Ержан өзінің қалай мырс ете түскенін білмей қалды, расында ауылда түнімен көк жәшікке үңіліп, түсте тұрып, шам қояр шақта ауылдың жалғыз дүкенінің алдына кешке қарай жер бауырлап ұшатын қоңыздай ызыңындай жиналатын достары көз алдына келді, осылай өмірі өткеніне кеш болсада өкінді.

Бұлардың көліктерге қарағандағы жалғыз-ақ арманы , жұмыс беруші біреу тоқтай қалама деп елеңдеуден басқа дәнеңе емес, міне өңкиген дәу қап-қара көлік келіп тежегішін басты, тұрғандардың барлығы солай лап қойды, бетін көзілдірікпен тұмшалаған тығыршық әйел терезесін түсіре сен, сен деп төрт жігітті алды да кетті, зулаған бойы қаладан шыға бере бір үлкен қақпаның алдына келіп тоқтады, түсіңдерде ішке еніңдер жұмыс істететін адам бар дегенше, бір шомбал еркек қақпаның кішкене есігін ашты, кеште келіп алып кетем деді де кері айланып келген ізімен жүйткіп зым ғайым болды.

Төрт жігітті ішке ертіп кірді, бірінің үстіне бірі мігесіп қалада адамдар тығылып жүр ал мынау мүлде басқаша төрт төңірегіне көзің тала зорға жетеді, ақ шаңқан темірлер тау болып әр жерде үйіліп жатыр, бірталай адам шатыр жасап ыстық күнде темір дәнекерлеп жүр, маңдайларынан аққан терді сүртугеде мұрсалары келер емес, жаңағы жігіт сендер мына жерде темірден қолдарыңмен цеткі тоқисыңдар деп төбедей боп үйілген сым темірдің жанына әкелді де, аз кем қарап тұрып, бұлар жұмысқа кірісуіне кері қайтты, тақ төбеден тік түскен шілденің аптап ыстығы ауылдың жігіттерін жаңа көргендей қадала, қуырып барады, темір нәбестердің асты одан сайын жанып тұр,ойпырмай-ә! Темір денекерлегендер неткен ыстықтамайтындар деп қояды Ержан өзіне- өзі, олардың миының іші мұз, оны мұз жасап тұрған ақша-ғой деп салды бірге келген жігітің бірі.Осыдан кейін бұлдарда «миларын мұзға айналдырып» күні бойы бір тынбай жұмыс жасады.

Кештете үйін адасып емес, қалжырап зорға тапқан Ержан бүйткен қаласы құрсын деп тағы түнде тұра қашқысы келді, бұл жолы әйелі мен баласынада көрінбей безіп кеткісі келді ауылына, бірақ нәпсі құрғыр жіберер емес, әке-шешесін ренжітіп қалада бұған біреу тұз төгіп қойғандай тұра қашқаны есіне түсіп, қор етіп ұйқыға кетті. Келіншегі отағасының қатты шаршағанын байқап тіс жармады, жәйшылықта қорылдамайтын ол міне қорылға басып, тар бөлменің ішін басына көтерді, келіншегі баласы екеуі құлақтарына мақта тығындап зорға ұйықтады.

Ерте тұрған Ержанның ойына қара келіншектің кешегі Сайранда жүк тасушы болу үшін тиісті адамға тиін бересің және арба сатып аласың деген сөзі келді де, белді бекем буып тағы сол Сейфулин даңғылын жағалауға беттеді...

Міне бүгін бір шілпиген сары жігітке мінгесіп тағы төрт жігіт, қала шетіндегі жертелімге фундамент құюға барды, нар жігіттердің жанында созылып тісін- тісіне басып әрең шыдады-ау, кеш бата сұрланып, бетін жалаған сүйікті қоңыр төбеттей сағына үйіне жетті.

Бүгін түс көрді түсінде арба сатып алып Сайран вокзалына жүк сүйреуші болып жүр екен, аяқ астынан бірінші күні дәу әйелдің қақпасын ашып жүрген шомбал еркек жұмыстың жеңілі күзетші болу деп құлағына сыбырлады, осылай қым-қуыт түс көрген Ержан тағыда азанмен Сейфулин даңғылына асыға басып кетіп барады.....

Нұрхалық Абдырақын. Адамдар шайтанға алданды (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Көк пен жер (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу