Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Жер емген халықтың ортасында жер бауырлап от арбада Үрімжі-Ухан бағытында Бауыржан жан-жағына қараумен келеді, батар күннің қызылымен таласып жансала егістіктің басында маңдай терін сүртіп отырған жандар от арбаның қай қапталынанда ұшырасады.
Дар-дар етіп даурыға дауласып барып сілтідей тынып, қайта үрлеген оттай лапылдай лауылдайтын жергілікті адамдар вагон ішін әуелетіп-ақ отыр. Әу баста ұрсып қалдыма деп таңырқай қарады Бауыржан, алайда олар еш болмғандай сөздерін қайта сабақтап бір-бірлеріне күлмің қағады, сағат тілі түнгі онбірді көрсеткенде барлық жарықтар сөндіріліп ұйқтауға пәрмен берілді, сөзге келмеген жаңағы топырлаған адамдар шоғыры ілезде тарап өз жатын орындарына жайғасты, меңреу тыныштық, тек арбаның болымсыз есітілер-естілмес күрілі ғана Құмылдың құмды боз даласына басқаша үрей береді.
Елдің барлығы жым-жырт ұйқы құшағына енген, ұяшықтың тыныштығын бұзған бір екі ұйғыр ағайынның даусы анда-санда естіледі, өз керуетінің шамын жағып «жалғыз көзді дажалының»алдына күндегі әдеті бойынша Бауыржан шұқиып отыр...
Қатар-қатар тізілген төсекті жолаушылар көлігі, екі алдыңғы айнасы құдды жалын күжірейтіп, күйеудің қайын жұртына мініп келген айғырларындай біздің елдің көліктерінен бөлекшеленіп тұр.
Автобус оталып әне кетердей міне кетердей дірілдейді. Жүгіре жетіп ішке енді Бауыржан, ақшаға құныққан әккі жігіттер«шайтандар кісенделген» ораза айын тәркі етіп, 25 орынға 28 адамға билет сатыпты, соның әлегі 3жарым сағат бойы Алматының түтініне түтін қосқызды алғашқы темір тұлпарға, ақыры ол орнында қаңтарлып, келесі көлікте Алматыға будақ-будақ ыс тастап жөнеп берді.
Керуетті көлік тесік жолда жолаушылардың терісін сылып алардай, анда бір соғып-мұнда бір соғып, елдің бәрін әбден қалжыратып, іңірде межелі жерге жетті. Қаңыраған дала, әр жерде қашқан бірді екілі тал, тозып мұжылған жаман үй, аттам жер бассаң аспандағы ұшақты шаңға көмер бұрқылдаған топырақ, арба сүйреп термос көтерген әйелдер жерге жарық түсер түспестен келіп жатыр, ыстық шай, жұмырытқа, нан деп дауыстарын соза бәсең үн шығарады.
Бутелке тізген жүздерінен нұр тайып, ұсқындары қашқан келіншектерде қаздай тізіліп отыр, бет жуып шай ішіңіздер дейді оларда ақырын ғана.
Әжетхана қайда деген жұртқа анау дегендей терек түбі мен құлаған құрлысты меңзейді жаңағы қыздар. Оларды көріп жаны ашған Бауыржан үнсіз ақша беріп су алып жуынды, далада сапарластары үнсіз шай-пәй ішіп отыр, сағат тілі тоғыздан өте шаңлатып жоян-жоян көліктерді тақымдап жуандар қақпаға жақындады, қақпа бірден айқара ашылып жатты, сағат онға қарсы жолаушыларға кезек келіп солдаттар автобустағы адамдардың құжаттарын тексере бастады, жансыз да өлез қимылдайды оларда, жұрттардада жігер байқалмайды, бәрі жансыз, қашқан талда жансыз мүлгиді, күнде күңгіріт сәуеле шашашып мұнарланып тұр.
Қақпа айқара ашылып ішке еніп Қорғас кедені деген үлкен қос қақпаның алдына келіп қаңтарылып қалды, манадан бері қауқылдасып қуанып қалған бір қауым елдің қуанышы ұзаққа бармады, қос есіктің түбінде күннің ыстығын сезбейтін тастай киініп, плимотын асынған, темір торсығын тағынған салдаттар арлы-берлі жүр, 10 шақты жолаушылар көлігі қылқиып қақпа алдында тізіліп тұр, оң жақ қақпаның іші сырты дәу-дәу камаздармен толған, арқаларында тау көшкендей жүк, кіріп-шығып бір тыншымайды, ал біз тұрған сол жақ қақпа тым-тырыс, ыстықта тіліміз қуырылып үш жарым сағат тұып, сағат тілі бір жарымда бағанағы есік баққыш салдаттың бірі келіп құжат тексере бастады, осылай ішке кірді де көліктен түсіп боқшаларын сүйреп ғимарат ішіне сүңгіді, аппараттарына заттарды тамажниялық тексерістен өткізді, қанша доллар, қанша теңге, қанша юан бар деп тықылдады бір жігіт алдыны кес-кестеп бұлардың.
Енді міне кеденнің есігін ашып құжаттармен бар болмысын тексертіп ақырын өте шықты бұл есіктен де. Енді міне Қытай өткелі, тап-таза алаңға машиналар рет-ретімен тізілді де адамдарды төкті, көз ілестірмей таможниялық тексерістен өткізді, артжағындағы қарияның сумкасын көтеріп келе жатқан Бауыржанды, «ішінде пышақ бар» екен деп қытай қызыметкер селік еткізді, сасқан Бауыржан артжақтағы шалдікі деді, өте бер деп қолымен үнсіз ишара жасады. Қазақ жағы оны білдіме? Әлде жоқ білседе үнсіз өткіздіме ол жағы Бауыржанға беймәлім.
Кедендік тексерістен де өте тез өтіп қытай жерінен бырақ шықтық, әдемі де зәулім құрлыстар көкпен бой таласқан, қара нөпір адам, ақаша айыр бастайсың ба деп шу-шу етеді, жолдың екі шеті қалың сатушылар дүкенімен көмкерілген, жол шетіндегі сақшылар машинасы белгісіз бірдеңеден секем ала қарайды, жолдар тарам-тарам бағыттарға алып алыс қиырларға жетелейді.
Асығыс тамақ ішкен бұлар Үрімжі бағытына келген көлігімен тартып отырды, тақылдатып бас ұратын тесік жоқ, тып-тыныш жатып тыншып қалды, көліктің жүрген белгісіз. Ғаламат жолда зулатпайды, бір қалыпты жылдамдықты ұстап келеді, төбелерінен төніп қарап тұрған камере жылдамдықты бақылап отыр, өлшемнен асты болды айқай салып, жылдық жинайтын 12 балын жеп, жыл аяғында аз болмаған шытырапқа жығады дейді жүргізуші. Қотыр болсада қазақ жерінде газді құлаққа дейін басып аласың сол жақсы дейді шопер тағы тамсанып...
Баллар қуыршақ киносында көрсететін ертегі әлемге еніп кеткен болды, таңырқаумен таңғалып отыр, аспандағы бұлттарға төблері бір тиіп бір тимей келеді, көзді ашып жұмғанша таулардың астынна түсіп қайта көкке шығады, әдемі жап-жасыл табиғат, ақша қардай аппақ ақ ешкілер көкпенбек тау қапталында оттап тұр. Әдемі жарастық, өркениетті елде кетіп бара жатқаныңды еріксіз есіңе салады, тамаша табиғат, тап-таза аумақ деп Бауыржан іштей тамсанып келді.
Екі бағытьағы жол еш қосылмайды, шеті қоршалған аспалит, тіпті қарсы бағыттың қай жақпен жүріп жатқанын мүлде білмейсің, таулардың өзі астын тесіп өтіп жатқан жолдарды сезбейде қалағандай, қараңғы тау асты жолдары күндізгіден жарық, бейне жер асты шаһарында кетіп бара жатқандай, ешкісі тауда болғанымен қойлары мен сиыры сайда қалған қазақтар мен жергілікті манғол халқы шаңға қақалып, тұқымы өшіп бара жатқандай көрінді Бауыржанға, баяғы қазақтың көкпар тартқан сайын даласы торлармен қоршалып бүгінгі ұрпағының рухы өшкен. Асыр салып ойнайтын әдемі сахараның иесі тағынан тайып оның орнында қытай баллары бадырая қарайды, саяхат районы болып ашылған аумақтарда қаптаған бағлан мен бай манаптар дерлік сол өңірдің аға ұлттары, бұл жерде ежеллгі шонжарлармен бай-бағландар болды деп айтуға аузың бармайды.
Ұйқылы –ояу қалығып мүгіп таң ата көліктен түсіп ыс қаптаған Үрімжінің қара құрым адамына азғаннтай бұлар жұтылып тынды.
Иықтар қарыс айырылып ауыздары сасып шаршаған жолаушының түр-түрі осы пойыз вагзалында толып жүр, зорға Үрімжі-Ухан бағытын тауып мінген Бауыржан еңбоққор елдің ертеңіне таңғалыспен қарап келеді.
Адам көптігін апат деп санайтын алпауыт елдің қақ ортасында, 5000жылдың алдында тұқымдары тараған қытайдың атақты Шаңжияң дарайясының жағасында қырық қазақ, тымырсық ыстық тынысы тарылтып, қапырық ауа жаныңды қуырады, оданда жаманы бір түрлі сасық ис бүкіл елдің даласында, қаласында жайлап алған, күпірлер жиі қоныстанған өңірдің климаты қаталданып, қысы зәрдей суып өңменіңнен өтсе, жазы жаныңды қажытады, ал мұсылмандар бар жердің кілиматы тазарып, қыс жазы жанға шуақ леп ұрады, осылай рухха серпін береді, жас баладан жаннатың исі аңқығаны сияқты, тақуалар шынайы тазарғанда одан мисік исі ортасына тарап тұратыны шындық.
Ишаң қаласы, көлік ақырын жылыстап келеді, жол серік қытай қызы тілі жағына тимей атақты отаншыл ақын Чүй Юанның туған жері, ежелгі Шу елінің астанасы, Бай Жүйідің жырға қосқан, ақылдың кені Жу Гілияң шыққан, ұлы қолбасшы Цау Цау ат басын шалдырған құт мекен деп төбесі көкке бір-ақ елі жетпей мақтанып келеді.
Ежелгі Шу елінің шенеуліктерінің былығын біліп, өз елінің күйрей бастағанын көзімен көрген Чүй Юан ақын өзін арқырып ағып жатқан Ми Ложияң өзініне тастап шейіт болған деседі мұндағы жұрыт, бүгінде барша қытай сол күнді отаншылық күні ретінде тойлайды деп одан сайын аузын айға білейді жас қыз көзіне жас алып.
Сөз осы араға келгенде бұтыма тышатын болдым деген зор дауыс арттан гүр етті, бұнысы несі деп бастары бірікпей бөлек-бөлек келген Бауыржанның отандастары қытай көлігінде бір ниет бір тілекте бастары қосылып тосын дыбысқа құлақ түрді, қайта оны елеген қытай қызы болмады, тілге жеттік Бауыржан сут ішіп қойыпты таңғы аста, іші қысып барады деп әдемілеп жеткізді жүргізушіге, бұл қаланың іші, тоқтауға рухсат жоқ деп жалтыр бас қақсал шофер көнер емес, ағатай бір ретін келтір деп қолқа салды Бауыржан тағы да, іші ауырған жігіт одан сайын даусын үдетіп ыңқылға басады, барлығы қайта-қайта оның балағына қарайды, ол құрғыр қып-қысқа шортик киген, қараған сайын жүрегі айныйды, ақыры жүргізуші бір жанар май бекетіне тоқтады, әупірімдеп жүріп 40 қазақ масқара бола жаздап әжетқанаға жетті-ау.
Бұлар үшін бақыттың үлкені жігітің іш босатуы болып орнынан қайта қозғалды, әдемі Ишаң қаласынан шығып та барады, қытай қызы осында жергілікті Туба ұлты қоныс тепкен олардың салтында, қыздары сыңсу айтпай ұзатылмайды, тіпті барған жерінде бір жылға дейін сыңсу айтып әке-шеше, бауырларын сағынуына рухсат. Оларда бір адам қайтыс болса жанаттқа, мәңгілік мекенге кетті деп жер тепкілеп билеп, өлең айтып асыр салып қуанады дейді.
Шаңжияң үш қысаң құрлысына бағыт алған 40 қазақ ауыздарын ашып, көздерін жұмылып аз-кем қалғыды, қытай қызы Тубалардың әні деп сыңсып келеді.
Әлемдегі үштікке кіретін алып та асу өзен Шаң жияңды тізгіндеген қытай халқын еріксіз мондайсың, бүгінде бұнда сапырылысқан шетелдік сяхатшылардың аяғы бір үзілмейді, өзін-өзі асырап елдің ішкі қазынасына аз болмаған ақаша құйып оытрған туристік алаң. Таңғалмасқа шараң жоқ, су астына жіберіп жатқан бетондар мен темір турбалар алпауыт Шаңжияңды жуастып, тоқымсыз ыңыршақ ертеп мінгені көрініп тұр, су үстінде зәулім үйлер соғылғын, тіпті кей жерлерінде асау өзен тіптен көрінбейді, тек тамаша қалаға тамсанасың, орталарындағы жасанды таулардың жасамыс табиғаты еріксіз баурайды, үш қабат көпірдің үстінде от арба, камаз, жеңіл көліктер жыртылып-айырыуда, он қабатқа созылған тоспалар су электр көзін жасап, жыбырлаған қалың елін төкпен қамдаса, жылда арнасынын асып жағалауындағы халықты әбігерге салатын шамырқанғыш Шаңжияңды бағындырып, қытайдағы AAA дәрежелі 40 саяқат орындадың біріне айналдырып отандарының айбынын асырып отырған тірлігі бұларға мүлде сенгісіз, ақылға симас, қиял жетпес ертегіні елестеткені шыныдық болды, таңғалдық, таңырқадық, біз қашан осылай қалтамызды ойлаудан асып, елге үлес қосамыз деп бар үмітті келер ұрпаққа артып, қызғаныштын жаныдары жылып келеді қазақтардың, ол аз болғандай қайтар жолда Жиң Жоу қаласына ат басын тіретіп 5000жылдық тарихын көзбен көрсетіп қолмен ұстатып сендірді, өзі тарихтары ерксіз естеріне түсті, қазақ хандығының 550жылдығын ары тарт-бері тарт боп жүрген тарихшыларын жек көріп одан сайын төмен қарап жер шұқып қайтты бұлар.
Тарам-тарам жолдар қытайдың қатпары қалың тарихыны апара жатқандай, көлік зулап келеді, өз елінің жүргізушілері есіне түсті Бауыржанның, мұндай жолда олар сағатына 280км жылдамдықты ұстар еді-ау, дөңгелегіңді жұлып алатын жамау жолдың өзінде біздің жүргізушілер қазақ халқының жылдық өсімін жеп отырған жоқ па? Бізге керегі жоқ бұндай әдемі су жұқпас жолдың деп өз ойынан өзі шошып кетті.
Ауылдың барлығы орта жазық қытайда қалаға айналған, сенен мен қаламба деп көкпен тірескен алып құрлыстар легі бой түзеп тұр, жол жағалауындағы шаршасаң ұйқтап ал, тежегішің бұзылса мұнда тоқта деген қосалқы жолдар жоғары қарқынды тас жолды одан сайын айбындатады.
Қытай әуені автобуста әуелеп тұр, бір түрлі жандарына жақты, қалғып-мүлгіп отыр, көздері бір ашық, бір жұмық, кешегі ішінен жылмай аққан жігіт алдыға ентелеп келеді, тағы бір бәле басталды ма деп Бауыржан елеңдей қарады оған, ол бірден қытай қыздың қолындағы микропонға жармасты, олда бере қойды, құлағындағы тығынын алып қолфонын микрофонға тосып өзін жаулаған, ата бабасын құлданған орыстың тіліндегі өлеңді саңқылдата бастады, Бауыржан атасының рухы басына шапшыған Бауыржан атып тұрып телефонын жұлып алды жаңағының.
-Мынауың не бізді бұлар Қазақстаннан келді, қазақ деп алақанына салып отыр емес пе?
Бас изегендей үнсіз боған оған қайта қолфонын берді, Бәукеңнен алсытаңқырап барып тағы ағылшынша әнін қойып басын бұлғақтатып, жер тепкілеп көлік ішінде билеп жатты Қазақтың келешегі.
Жүргізушіде өз ана тіліндегі әнін одан сайын әуелетіп қойды. Қандарына сіңген ережесіз жол жүруін бұндағы жұрт әзірге тоқтақан жоқ, қаптаған көлік пен құжынаған адамдардың арасынан ақырын-ақырын жол табудан басқа шарасы қалмаған шофер өзімен өзі болып кетті, бұлар екінші Шаңхай атанған, қытай мәдениетінің кіндігі саналатын алып қала Уханға түнге қарай келіп еді, енді міне анықтап көз салып келеді, көз жетпес қала, айдын да шалқар Шаңжияңның екі жағалауына қоныс теуіпті, өзен сағасындағы құрлыстардың сәнділігі сарайңды ашып осында сіңіп кетуге шақыратын сияқтанады бұларға, кезіндегі Шығыс түрік қағанаты мен Құбылай патышалық құрғанда қол астындағы Түрік тектестердің ұрпағы бүгінде осында жүрген әдемі қытайлар ма деп жоғын тапқандай тесіле қараумен келеді Бауыржан, бірақ еш ныспы байқалмайды, одан түк шықпады енді айналадағы құрлыстарды тамашалады, шынымен де еңселі үйлер аспанға еніп кеткендей, қарасаң көзің талады, көшелерден басқа жерде жер телімі көрінбейді тек зәулім-зәулім көкке құлаш сермеген алапат қабаттар, бұл қалда атақты Сүн Жүңшан ЖүңХуа мингоны құрып Лу Шүнді білім миністірі етіп тағайындағын жер деп қытай қызы қызықтырады. Ақыры өздері жатқан қоналқы жай «қытай отбасы сарайы»на келіп тоқтады.
Міне осында жатқандарына 10 күнен асып барады, бір тиын да төлемеді, қайта бұларға қытайлар ақша берді, ақырын жатын орны ақысын көрді, күндігі385 юан деп тұр, қорқаннан үнсіз кіріп үнсіз шығады бұлар, тамағымызға келе сала 10 күнге 900 юаннан ақша берді, бір-бір папка қосып таратты ішінде не керектің бәрі бар, келуіне көліткерін көлденең сайлап, ежелгі Ғұн, Сақ заманында осында қалған аталары тіріліп келгеней қарсы алды, екі күннің бірінде қала аралатып тамаша жерлерге апарады, тарихын, мәдениетін үйретеді, ұлттық киімдерін кигізіп суретке түсіреді, сабақ өтеді, ән айтқызады, сурет салдырады, сабақ өту тәсілдерін көрсетеді, тағыда таңғаласың қайда жүрсек сумен қоса ішпек жемегін аузымыздарына тосады, халал-харамына қарап жатқан бұлар жоқ жыланнан түк тартсақта пайда деп кеңірдекті ораза айында үлкен ашып алған, жұтып жатыр, жұтып жатыр, тысқа шықсаң мұсыр теріп жүрген кемпір шалдар, сасыған жүзім сатып отырған апалар, баласын құшақтап алақан жайып бірдеңкесін монына асып бірдеңкеңді істеп берем деп отырған жас келіншекті көресің, бұнысы несі өздеріне жетпеген дүниені бізге беріп деп таңқалмасқа шараң жоқ, біз тағыда таңғалдық... Біздер таңғалып қана қойған жоқпыз алып келеген теңгемізді, қытайлар берген юанды таусып енді кетерге олардан қарыз алып қайтуға дайындалып жатырмыз...