Нұрхалық Абдырақын. Магнит (әңгіме)

Oinet.kz 02-11-2020 1009

Магнит — Уикипедия

Ақ құбаша ат жақты, қызыл көйлек, қара юбка киген қытай мұғалимасы аудиторияға кіріп келді. Төрт қабырғалы сабақхана бұл не істер екен дегендей таңырқай қарап тұр. Бірінші партада жиырманың желкесіндегі қалың ерінді қара тәнді жігіт отыр, жанында үлбіреген ерінді аққудай аппақ кәріс сұлуы күлмің қағады. Екінші партада жирен шаш, шұбар жейделі көк көз ағылшын жігіті отырса, оның жанында қожыр бетті ұзын шаш малай жігіті отыр. Келесі партада ат жақты қоңқақ мұрынды отызға таяп қалған қырма сақал араб жігіті отырса, оның парталасы қой көз орсақ тіс жапон қызы ыржиып отыр. Сол жақтағы қатарда бұйра шаш, футбол майданындығы спортшы кескінді француз жігіті отырса оның жанында, орана жаулық тағынған жүзінен нұр тамған ақсүйек бітімді бірлескен араб әмірлігінің қызы отыр. Одан кейінгі партада көзілдірік киінген әлсіз денелі сүзектен жаңа тұрғандай кәріс жігіті болса, оның парталасы мүлде жансыз ұнжырғасы түскен орыс жігіті отыр. Оның артында домалақ жүзді сингапур жігіті сығалап отыр, оған жақын қазақ қара домалағы менде отырмын. Біздер бір-бірімізді мүлде танымаймыз, класс іші құлаққа ұрған танадай тып-тыныш.

Қытай тілінде сәлеметсіздер деп алғаш рет тыныштықты бұзды ұстаз. Бірақ балаларда үн жоқ оны түсінген біреуміз де болмадық. Ары қарай үнсіздік тағы жалғасты. Мұғалімнің алдында қара сүр доскі, оның жартысынан көбі ақ қағазбен тұмшаланған. Оған қатарласа керегің болса мен дайын деп электронды тақтада таласып тұр, қолында жіңішке эектрондық таяқша. Досканың сол жағында қытай кәртасы да қатарласа тұр.

Мұғалім балаларға бір-бір су жаңа оқулықпен кішкене айна таратты, біздер кітапты түсіндік ал айнаның неге керек екенін түсіне алмай бір-бірімізге қарап қоямыз.

Қытай жоғары оқу орындарында ағылшын тілін білмейтін оқытушы жұмысқа қабылданбайды, алайда ағылшын тілінің орнын иелейміз деп отырған қытай тілі паңдана аудиторяда салтанат құрып тұр, өз елі жарасып-ақ тұр. Бірден ағылшынша тіл қатса бллардың қытайша тілінің шығуының кешеуілдейтінін ау бастан межелеп отырған мұғалима тіс жарып ағылшынша сөйлемеді.

Мұғалім ақ қағазбен жапсырылған тақтаны бастап ашты, беті жаңа ашылған келіндей алғашқы қытай дыбысы «а» шықты, әр бала өз тілімізде дыбыстадық, мұғалім енді айнасына қарап аузын жартылай домалақ пішінге келтіріп дыбыстады да балаларғаға қайтала дегендей бас изеді, барлығымыз мұғалімге ілесе «а» дедік. Бұл «а» басқа тілдегі дыбыс емес таза қытай тіліндегі дыбыс еді, бастабында тілдеріміз келмей күлкіге қалдық, алайда ерінбей жасалған қайталаулар барлық баланы жуасытты, құды арбаға жегілген аттай ақырын- ақырын үйрене бастадық, осылай басталған сабақ ары қарай «е» деп жалғасты, бірдемде қытай тілі фонетикасындағы алты негізгі дауысты дыбысты үйретіп үлгірдік. Келесі қатардан тақтаны тағы жалаңаштай ашып үйренген дыбыстарымызды құрап оқи бастадық, ол қатарды да бітіріп, электрондық тақтамен манағы оқыған дыбыстарымызды әр түрлі хайуандар даусымен елктеме дыбыстарға айналдырып көрсетті, дуылдай күлген біздерді сабақхана тақталары магниттей өзіне тартты, сосын баларға бір бір дәптер мен қаламсап таратып, қолдарына бірден жеміс шырынын ұсынды, дәл осы тәсілмен қытайдың 23 дауыссыз дыбыстарын да үйрендік. Сабақ соңында барлығымыз қытай тілінде оқытушының көмегімен сабақ ақырласты, сау болыңыз апай дегенді бірге айттып тысқа шығып өзімді зорға таптық.

Менің есіме қытайға келерден бір жыл бұрынғы өз жерімдегі конфуци орталығының ұйымдастырған «ашық есік күні» түсті, сол күні қытайдың бас консуль келіпті, ол өз тілінде былай деп сарнап тұрды:біздер бүгінде әлемнің барлық елінен оқушы қабылдап жатырмыз, қытайдың таңдаулы 161 жоғары оқу орнының есігі сіздер үшін ашық, бүгінге дейін шетелдік сансыз баланы қытай тілі маманы етіп өз елдеріне жібердік. Дәл қазірге дейін шетелде конфуци орталығының 72 сін ашып қытай тілін мәдениетін тарихын үйретіп жатырмыз, әр жылы жаздық демалыста шетелдік қытай тіл мұғалімдері мен қытай тілінде оқитын студенттерге тегін қытайды сяхат жасауға кең жолын ашып қойдық. Бұдан сырт «қатай тілі көпірі» атты тіл олмпиядасын жыл сайын шетелдерде өткізіп дарынды балларды таңдап алып қытайда оқытып жатырмыз деп тоқтап еді. Артынша сөзге шыққан біздің елдің конфуци орталығына жауапты басшысына сіз қытай мәдени орталығында сөйлеп тұрсыз қытай тілінде сөйлеңіз деп тықсыртты сол елші, қытайшасы таусылып қалған ол өз елінде тұрып сізден рухсат болса өз тілімде сөйлесем деп өтініп сөзінің соңын аяқтастырып еді. Сол күнгі концерттік қойылымдардың барлығы қытайша, тіпті бәрі қытайша киініп сол елдің биін билеп еді, ол кезде мен бәріне сәби пәк жүрегіммен таңданада басқалар алдында мақтанада қарап едім.....

Нұрхалық Абдырақын. Жабайы мысық (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Адамдар шайтанға алданды (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу