Диана Оңғарбаеваның ісі: қылмыскердің жаза мерзімі ұзартылды

Oinet.kz 13-02-2026

Шымкент қалалық сотында 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның өліміне қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот үкімі шықты. Келіншекті пышақтап өлтіріп, мәйітін қоқыс маңына тастаған жігіттің жазасы ұзарды.

image.png

Бірінші сатыдағы сотта 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жасөспірімнің жазасы апелляция арқылы 8 жыл 6 айға ұзартылды. Сондай-ақ, жәбірленушілерге моральдық зиян ретінде берілетін өтемақы көлемі ұлғайтылды.

Сот төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков заңда кәмелетке толмағандарға ең жоғары жаза 7 жыл 6 айдан аспауы мүмкін екенін айтып өтті. Сондықтан бірінші сатыдағы ең жоғары жаза сақталып, қосымша ұрлық бойынша жазаны қосу арқылы түпкілікті мерзім 8 жыл 6 айға жеткен.

Марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева үкімге қатты наразылық білдіріп, сот әділетсіз өткенін, тергеу кезінде баланың мәйітті зорлағанын мойындағанын, бірақ сотта бұл дерек ескерілмегенін айтты.

Еске салсақ, былтыр тамызда Шымкенттегі қоқыс маңынан 10 күн бұрын жоғалған Диананың пакетке оралған мәйіті табылған еді. Желкесінен 10 рет пышақталған ол 10 күн бойы далада қалған. Сот материалдары бойынша жасөспірім марқұмды үй  тазалауға шақырып, азаптап өлтірген, сондай-ақ ұялы телефонын сатқан.

Енді «күйеу жігіттің» сыбайластары 10 жылға сотталуы мүмкін
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу