Енді «күйеу жігіттің» сыбайластары 10 жылға сотталуы мүмкін

Oinet.kz 11-02-2026

Бұдан былай қызды алып қашқан жігіт қана емес оның жанындағы адамдар да «адам ұрлау» бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ,  деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша "күйеу жігіттің" сыбайластарына қарастырылған жаза жеңіл емес,  10 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін. 

"Тек ұрлаған адам ғана емес, оның жанында болған жақындары да жауапқа тартылуы ықтимал. Бұл баптың санкциясы өте қатаң – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал сталкинг бойынша 50 тәулікке дейін қамақ жазасы бар. Бұл да аз жаза емес, – деді Бас прокурордың орынбасары.

Аңдудың арты жаза. 60-тан аса сталкерге іс қозғалған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу