Аңдудың арты жаза. 60-тан аса сталкерге іс қозғалған
2025 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Қылмыстық Кодексінің адам ұрлау бабына өзгерістер енгізіліп, «некеге мәжбүрлеу» және «сталкинг» баптары бөлек қарастырылған болатын. Аз уақыттың ішінде аталған баптар бойынша елімізде бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді деп жазады Оinet.kz тілішісі.

"Қысқа мерзімнің ішінде сталкинг бойынша 60-тан аса іс қозғалды, олардың бірқатары сотқа жолданды. Ал некеге мәжбүрлеу фактілері бойынша 40-тан астам іс тіркелді. Оның алтауы қазір сотта қаралып жатыр, сотталғандар да бар", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Сондай-ақ ол қыз алып қашудың, қызды некеге мәжбүрлеудің қазақ қоғамына жат екенін атап өтті.


