Ресей Қазақстанның бірқатар қалаларында мектептер салмақ

Oinet.kz 12-02-2026

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жасаған сапарын екіжақты қатынастардағы «ерекше одақтастық пен терең жеке сенімнің көрінісі» деп бағалады. Оның айтуынша, стратегиялық серіктестік туралы декларация тек саяси мәлімдеме емес, нақты іс-қимыл жоспарына айналып отыр,- деп жазады Оinet.kz.

image.png

Осы серіктестіктің маңызды бағыттарының бірі – гуманитарлық және білім беру саласындағы жобалар. Елшінің «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Ресей Қазақстанның Тараз, Қызылорда және Түркістан қалаларында жаңа мектептер салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жобалар екіжақты келісім негізінде жүзеге асады.

«Білім беру бастамаларын жоғары қарқынмен іске асырып жатырмыз. Аталған қалаларда ресейлік мектептердің құрылысы көзделген», – деді Алексей Бородавкин.

Сонымен қатар Қазақстан да Ресей аумағында білім беру нысандарын ашады. Омбы, Астрахань және Орынбор қалаларында қазақстандық мектептердің құрылысы басталмақ.

Бұдан бөлек, Алматы маңында дарынды балаларды анықтап, дамытуға арналған ресейлік «Сириус» білім беру орталығының филиалы ашылады. Бұл жоба талантты оқушыларды қолдауға бағытталған.

Сұхбат барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық та сөз болды. Елшінің мәліметінше, атом электр станциясын салу бойынша құжаттарға жақын арада қол қойылып, Ресейдің мемлекеттік несиелік рәсімдері аяқталады.

Бектеновтың екі жылы. Ол неліктен министрлердің тасасында қалып қойды?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу