Қазақстан Қарулы Күштеріне тексеру жүргізіледі

Oinet.kz 16-02-2026

ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Осыған орай 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар тасымалданады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

— Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатында Қарулы Күштердегі тәртіп мәселелерін жеке бақылауына алатынын айтқан болатын.

Ресей Қазақстанның бірқатар қалаларында мектептер салмақ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу