Алдағы үш жылда Қазақстанда дизель отыны тапшы болады – министрлік

Oinet.kz 17-02-2026

Алдағы үш жылда Қазақстанда дизель отыны тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Оinet.kz.  

image.png

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын кезең-кезеңімен кеңейту арқылы 2030 жылға қарай дизель отыны тапшылығын толық жоюға мүмкіндік туады.  

Ал авиаотынға қатысты мәселе күрделірек. Ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін төртінші мұнай өңдеу зауытын іске қосу қажет. Бұл шамамен 2033 жылға жоспарланып отыр.

  Төртінші МӨЗ-ді салу Ұлытау облысы аумағында қарастырылып жатыр. Вице-министрдің сөзінше, өңірде магистральдық құбырлардың орналасуы және елдің орталық бөлігінде болуы логистика тұрғысынан тиімді.  Алайда мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов бұл бастаманы сынға алып, Ұлытау облысында зауыт салу идеясын «қате шешім» деп бағалады.


Қазақстан Қарулы Күштеріне тексеру жүргізіледі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу