Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына сотталды

Oinet.kz 19-02-2026

Оңтүстік Корея соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльге қатысты үкім шығарды. Ол 2024 жылы елде әскери жағдай енгізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Бұған дейін қаңтар айында арнайы прокурор экс-президентке өлім жазасын сұраған еді. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Юн Сок Ёль билікті сақтап қалу мақсатында төтенше шешім қабылдаған. Алайда сот ең жоғары жаза ретінде өмір бойғы түрме жазасын тағайындады.

Еске салайық, 2024 жылғы 3 желтоқсанда сағат 22:22-де Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілетінін мәлімдеген. Ол оппозицияны үкімет мүшелеріне импичмент жариялап, бюджеттік бастамаларды бұғаттау арқылы «еркін демократияны құлатуға әрекеттенді» деп айыптаған. Бұл шешім ел ішінде жаппай наразылыққа түрткі болды.

Араға көп уақыт салмай парламент әскери жағдайды жою туралы шешімді қолдап дауыс берді. Мемлекет басшысы бұл шешіммен келісуге мәжбүр болды. Кейін заң шығарушы орган оған импичмент жариялау туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар, экс-президент бұған дейін өзге қылмыстық істер бойынша да кінәлі деп танылған. Олардың арасында ресми құжаттарды қолдан жасау фактілері бар. Жалпы оған қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалған. Прокуратура 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраса, сот кейбір баптар бойынша бес жыл жаза тағайындаған.

Алдағы үш жылда Қазақстанда дизель отыны тапшы болады – министрлік
«Шариғатқа қайшы»: Ауғанстан билігі 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу