Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Тышқандар Ертайдың есігінің алдындағы ақ жағылыларға жалынып жүріп алған он соттық жерін тіміскілеп ін қазып топырақты бұрқылдатып үстерін шаңға бөктіріп кеміргіштік қасиетін барған сайын күшейтіп жан-жағына қарап жалтақтап күндерін өткізіп жатыр еді. Кенеткен дүр еткен дыбыстан барлығы қашып індеріне тығылып зорға үлгірді. Ақырын ақырын тың-тыңдап байқастап көрді, тышқандар інің жиегінде отырып, анадайда жатқан мысыққа тас лақтырып сынады. Үй иесінің алып келген жабайы мысығы тек миаулап анда санда тура ұмтылып тышқандардың мазасын алғаны болмаса басқа түкте істемейтін, әбден семірген жалқау мысық екен. Ұрғашы мысық тегінде тышқан аулаушы еді, ал бұның бойында мысққа тән ешқандай қабілеті жоқ, тек аты ғана мысық. Оның тышқан ауламайтыны тышқандарға бірден жайылды. Енді міне барлық тышқан індерінен шығып оның жанында асыр сала ойынға басты.
Заманына қарай тіршілік заңдылығы өзгергендей бүгінде итпен мысық достасқан, мысық үйреншікті әдетімен анда мұнда жағымсыз даусымен миаулап бетін тырнап ашуланып, өз әлсіздіген мықтылык көрсеткісі келіп тышқандарға қоқиланып қояды, ол бұнысына еш арланбайды, қайта ол осысымен тышқандарды тықпыртпақшы болады, бірақ тышқандар оның өз жұмысын білмес әлсіздігігін әбден біліп алған, еш мыз бақпай көпе-көрнеу ойларына келгенін істеп тайраңдап жүре береді. Олар енді мысықтан қорқудың орынына өздері мен өздері қырлысып іштерінен бастық тағайындап шиқылдап кеш батырып, шаңқылдап таң атыратынды тапты. Тіпті енді оларға мысықтан қорқанда тығылғатын іннің де керегі жоқ болып, өздерінің ежелден бергі кәсібі болған ін қазып, оған қысққа тамақ жинауларына да қойды. Тәрбиесіздік оларды әбден шектен шығарып адамдарды да мүлде елемейтін күйге жеткізді. Ал мысықтың тәубесін есіне салатын итің өзі мысық долылана тікке шапшыса құйрығын бұтына тығып үні ішіне түсіп тұншыға қалады.
Тышқандардың асқынғаны сол Ертайдың көлігінің дөңгелегімен келіп матор жақтан жайлы орын тауып жайғасты, олар жайғана жайғасқан жоқ ондағы төксымдарды өткір тістірімен кемірді жемірді.Таңата асығыс жұмысына аттанғалы машинасын оталдырған Ертай тышқандарды түнгі әлеметін білмей көлгінің кілтін ары бұрады, бері бұрады оталмайды, біркезде қиылған төксымдарды көрді, «тышқандардың көзін құртты» деп қызыл көзіне сеніп масайрап жүрген Ертай енді қызыл көз тарғыл мысыңына сенбей қалды, дереу пеш түбінде жатқан жерінен алып шығып тышқан исі шыққан жерге қойды, қызыл көзі миаулап жалына иесіне қарайды. Ертай көлігінің үзілген сымдарын жалғап жолға шықты, оның көз алдында көшедегі сеңдей соғылысқан күндегі көп машина қалың қара тышқан болып көрінді, олардан қорқайын деді, ол енді үйіне кіріп жиған азын тола ақшасын қиқымдап, кәркастан салынған үйінің қабырғасына еніп тез өскіш қулар балалап кетсе қайтеді, баспанасы тышқандардың шиқылына толса, онда амалсыздын от жаққан отаныңды тастап басқа жаққа безіп кетпеске шараң не? деп өз ойынан өзі шошып кетті, бұл оңбаған тышқандар бүгінде дәрі де жемейді, өзіңнен ақылды деп барған сайын басы қатты.
Бұл кеміргіш крисалар анау қытай ұлы қорғанының ішінен қатайлардың қолымен қытай көгеністерінің ішіне салынып қазақ жеріне келіп табан тірейді екен, олай болатын да жөні бар көрінеді, үлке камаздарға лықа толтырылғын көктаттар бырталай күндік жолдан келгеніне қарамастан қазақ елінің Ситалинен қалған әскери түзімдегі қағаз бастылығы, қытай көк-сөктерін сол күйі камаздан түсуге үлгіртпей шірітіп жіберіпті, сосында қытайлардың тапқан амалы осы дәу тышқандарды қолда өсіріп көгеністердің арасында ауа алматырыш ретінде салыпты. Енді бұлар сол бойдан қазақтың Алтын орда алаңына келіп жан жаққа тарап тұқымдарын көбейтеді екен. Біздің мәпелеп сүт беріп арқасын сипап жүрген қызыл көз мысықтарымыз шынымен де замана көшіне ілесе алмай қалған ез мысықтар, олар бүгінде семіздіктен ондай тышқанды қойып жай тышқанның өзіне шамасы келмейді. Ертай көзін уқалап уқалап жіберіп алдына қарады, алдында зулап келе жатқан көп көліктерді көрді.