Референдумға 20,8 млрд теңге жұмсалмақ

Oinet.kz 13-02-2026

Жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өткізілмек.  Орталық референдум комиссиясының (Орталық сайлау комиссиясының) мүшесі Михаил Бортник Конституцияға қатысты республикалық референдум өткізуге жоспарланып отырған алдын ала шығын көлемін жариялады.

image.png

Референдум өткізуге арналған шығындардың алдын ала есебі 20,8 миллиард теңгені құрады. Айта кету керек, бұл қаражат 2026 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан қаржы Үкіметтің резервінен бөлінеді, – деді Бортник Орталық референдум комиссиясындағы брифингте.

Комиссия мүшесінің айтуынша, түпкілікті бюджет көлемі кейінірек нақтыланады. 

Айта кетейік, ел бойынша барлығы 10 413 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде:

9 779 учаске – азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша;

634 учаске – уақытша болатын орындарда;

82 учаске – шетелде (64 мемлекетте).

Бухгалтер 118 млн теңгені букмекерге тігіп, көлік сатып алған
Үстіне ағаш құлаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу