Шайдоровқа көрсетпегеніміз жоқ

Oinet.kz 16-02-2026

Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алған Михаил Шайдоров  қазақ еліне 32 жыл күттірген жеңісті сыйлады. Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшының "мұз үстіндегі"  жолы оңай болмаған. 

image.png

  21 жастағы спортшының кезінде ұлттық құраман қуылғанын  журналист Оңғар Қабден әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  Оның айтуынша чемпион елімізде  тиісті деңгейде жаттыға алмаған және бір кездері оның жарақат алғанын мәлімдеді. 

 "Миша Шайдоров деп бөркімізді аспанға атып жатырмыз ғой. Ал, Мишаға да көрсетпегеніміз жоқ екен. Кезінде ұлттық құрамадан қуған, шетелге жарыстарға ұшуға ақшасы болмаған, стипендиясын қиып тастаған, жаттығуды Алматыда көпшілік сырғанайтын жерлерде жұртпен бірге жасаған, жарақат алғанда өз ақшасына емделген. Франциядағы әлем чемпионатына виза ала алмаған! Сонда жауапты басшылар қайда қарап отырған? Миша алаңсыз жаттығып, жарысқа ғана қатысу керек қой. Спорт шенеуніктерінің жұмысы Мишаларға жағдай жасау!",- деген ол  Шайдоровқа мемлекет күзет бекітіп беру керектігін айтты. 

      Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров қысқы спорт түрлерінен араға 32 жыл салып, Қазақстан қоржынына екінші Олимпиада алтынын салды. Оған дейін шаңғышы Владимир Смирнов – Қазақстан тарихындағы тұңғыш әрі  жалғыз қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы болатын. Ол 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Олимпиадада 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алған еді. 

      М.Шайдоров 2004 жылы Алматыда дүниеге келген. Бала күнінде спортқа әкесінің арқасында келген, ал 2018 жылдан бері оның тәлімгері - Олимпиада чемпионы Алексей Урманов.

Тағы да тарихи алтын: Су спортындағы сенсация
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу