Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 15-02-2026

Нұрлан Сабуров Украинада қылмыстық іске ілікті, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Украиналық адвокат Евгений Прониннің мәліметінше, оның арызы негізінде Украина Қауіпсіздік қызметі Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне деректер енгізіп, ресми тергеу амалдарын бастаған.

Іс Украинаның Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Бұл бапта «агрессор мемлекетке жәрдемдесу» үшін жауапкершілік қарастырылған. Құқық қорғау органдары Сабуровтың Ресейдің қарулы құрылым өкілдеріне материалдық қолдау көрсетуі мүмкін деген жайттарды тексеріп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сабуровтың «СВО» деп аталатын әскери операцияға қатысушыларға питбайк табыстағаны түсірілген видео кеңінен тараған болатын. Кадрларда оның ресейлік әскери қызметшілерге «жеңіспен оралуын» тілегені байқалады.

Қазіргі уақытта украин тарапы қылмыстық іс аясындағы тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті құқықтық шешім қабылданады.

Президент Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу