Түркістан: Агенттіктің департамент басшысы Отырар ауданының активімен кездесті

Oinet.kz 06-11-2020 1115

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы Отырар ауданына арнайы келіп, аудан активіне ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынға Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісов, әкім орынбасарлары, дербес бөлім, білім беру ұйымдары мен аудандық мемлекеттік органдардың  басшылары қатысты.  

Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты - парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.  

Алқалы жиында сөз алған Ғанижан Асанұлы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында  Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып,   ағымдағы жылдың 6 қазаны күні Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды. 

Өз кезегінде, Ғ.Асанұлы бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріп, жиынға қатысушыларды  пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. 

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, аудандық мемлекеттік мекеме басшыларының  ұсыныс-пікірлері тыңдалды.     

Гессе Герман өмірбаяны, шығармашылығы
Герман Гессе. Ізгіліктің жаршысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу