Кешірім туралы өлең

Oinet.kz 02-09-2020 1371

Кешірім

Кешіріңдер адамдар,

Кешіріңдер,

Кешіріммен – күнәні өшіріңдер.

Пенделіктің пердесін ашып тастап

Мейірімнің мерейін өсіріңдер.

Кешіріңдер бауырлар,

Пенделікті,

Адамды Алла жаратып, дем беріпті.

Кекшілдіктің өзі де сын сағатта,

Кешірімнің емінен емделіпті.

Кешіріңдер туыстар,

Кемшілікті,

Татулыққа тапсырып «елшілікті».

Ақыреттің тартқанда таразына

Кешірімің онсыз да кем шығыпты.

Кешіріңдер ағайын,

Бір-біріңді,

Тұғырынан түсірмей бірлігіңді.

Жаратқанның өзі де жаратпайды,

Ырың-жырың ынсапсыз тірлігіңді.

Баста дәурен тұрмайды,

Тез өтеді,

Жақсылықты жамандық сөз етеді.

Байламы жоқ бес күндік бұл жалғанда,

Кешірімді болғанға, не жетеді!

Кешіріңдер ендеше,

Кешіріңдер,

Кешірімнің тербелер бесігінде Ер.

Жамандықтың бәрін де өшіріңдер,

Жүректерге мейірім өсіріңдер.

Кешіріңдер,

Адамдар,

Кешіріңдер!

Әлібек Шегебай.


АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ. БІРІНШІ ҚАРА СӨЗІ
Өмір туралы өлең. Сынақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу