Ырысбек Дәбей. Естелік сазы

Oinet.kz 19-07-2020 662

image.png

Талып естілген музыка әуеніне арбалған,

Сені қара жол бойынан күткелі...

Уақыт аунады.

Биыл көктемде көк жүзі мұнартып,

Шалғайдан көз жасың

жаңбыр боп саулады.

Ұзақ жыл естілмеген скрипканың сазы,

Айтылмайтын естеліктерімнің де

жүзін әжім торлады.

Дымқыл ауаны тескен ағаш

бұтақтарына тесілдім,

Бәлкім, мен әлі де байырғы

шытырман жолдамын.

Артыма бұрылып қарамағалы қашан...

Ескі үйдің терезесінен

мұнартқан аумаққа көз тастап...

Бүгін тасадағы ғажайып мекеннің

есігін аңдамай аштым,

Ұмытылмайтын ескі әуеннің

желігі бастап...

Ырысбек Дәбей. Жаңа жыл
Ырысбек Дәбей. Қаңғыбас жарық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу