«Өкінішті» - Айнұр Тұрсынбаева бұрынғы сәттерді еске алды
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева адамның балалық шағы ең бақытты кезі екенін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Мектепте оқып жүргенде есілдертім есею болды.. Сабаққа барғым келмейді, таңертең тұрғым келмейді.. Мектептен құтыла алмайтын сияқты болып жүргенде бітірдік қой.. Ауылдан қалаға кетсек шекеміз шылқ ете қалатындай асықтық.. Сөйтсем ең бақытты кездер мектепте болған екен.. Одан колледжге түстік.. Құдай-ай, қашан құтыламын сабақтан деп тағы қиналдым.. Қаптаған гастрольдер, айтыстар.. Шаршайтынмын да жүретінмін.. Сөйтіп жүріп студенттік кезеңнің де ең тәтті кездер екенін білмеппін... Одан тұрмысқа шықтық... Одан балалар туылды.. "Туф мына балалар қашан өсер екен, қашан өздері жүреді екен" деп түңіліп жүріп балаларымның балдай балалық шағын өткізіп алыппын... Қазір еркелетейін десең бір түрлі.. Аяқ-қолдары сорайып өсіп кеткен... Қарап отырсам біз ештеңенің қадірін білмейді екенбіз.. Жаз шықса ыстық, көктемде депрессия, күзде аллергия, қыста суық деп жақтырмаймыз... Дәл қазіргі уақыттың ең бақытты шақ екенін сезінбейтініміз қандай өкінішті... Қайда қарасаң да болашағынан бақыт күтіп қайғырып жүрген біреулер...Біреулер бақытты болуым үшін бала керек дейді.. Қыздар тұрмысқа шықсақ ғана бақытты боламыз деп ойлайды... Қарыздан құтылсақ арманым болмас еді деп алданып жүргендер қаншама?! Баспанасы жоқ адам бақытсыз деп ойлайтындар осы жерде қаптап отыр... Өкінішті... Адам туғаннан өлгенге дейін қиындық көрмейді.. Және қиындық көрмейтін адам жоқ.. Бірақ тек қана қиындықты көріп қаншама бақытты сәттерді бағалай алмай жүргендер шынында бақытсыз ғой.. Басыңыз аман ба?! Отырып, тұра аласыз ба?! Шөлдеп немесе қарныңыз ашып тұрған жоқ па?! Бала-шағаңыз аман ба?! Басыңызға қауіп төніп тұрған жоқ па?! Ауырсаңыз жағдайыңызды сұрайтын жақыныңыз бар ма?! Онда сізден бақытты адам жоқ!!! Дәл қазір өзіңізді бақыттымын, баймын деп ойламайынша байлықта, бақытта сізге келмейді! Қайғыра беретін адамға қайғы үйір, жылана беретін адамға жоқшылық үйір... Қуана білмегенге құт қонбайды.. Бағалай білмегенге бақ қонбайды - деп жазды ол.