«Соттаса мені соттай берсін» - Қарақат Әбілдина (фото)

Oinet.kz 13-08-2021 8617

Танымал әнші Қарақат Әбілдина анасымен бірге өткізген ерекше бір естелігі туралы жазды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазба арнады. 

Қарақат Әбілдина.jpg

- Ауылдағы үйдің әр терезесіне сырттағы дала көрінбейтіндей етіп анашым гүл өсіретін. Қазіргідей түрлі-түсті қыш құмыра жоқ, түбі тесік шелек, краскіден босаған ыдыс,үлкен канистрлерді қиылған түбі дей ме, размерлері әртүрлі ыдыстарға отырғызатын. Кіреберістен бастап бүкіл төр, бұрыш-бұрыш, терезенің алды толған жасыл желек, алқызыл гүл. 

Туып-өскен жерім қалың көк шөпке оранған, жасыл жер емес, Сарыарқаның сары даласы ғой. Көп көк өспейді. Ал көзімді ашып көргенім - үйдің іші толған жасылдық пен түрлі гүл. Осы бертіндегі күнге дейін гүл өсірді. Қай үйге қонаққа барады, қандай жаңа гүл бар, сарқыт алмаса да отросток алып келеді. Соны баптап, мәпелеп, баласындай етіп өсіреді. Сөйлеседі, еркелетіп, сырласады. Қайсысын қайдан алғанын ұмытпайды-ай.

Бірде қызық болған, Астананың больницасында, өзі жатқан аурухананың коридорында өсіп тұрған көп гүлдің ең әдемісін таңдап жүріп отростігін жинап алып,"суға салып қой,кетерде ауылға алып кетем"- деп маған берді.Бүкіл жерде камера.

“Мама-ау, олай жұлуға болмайд, рұқсатсыз. Оның үстіне Қарақаттың шешесі гүл ұрлап жүр демей ме?!” -десем. “Ой тәйірі, сол үшін соттаса мені соттай берсін. Онда тұрған не бар екен?! Біздің жақта жоқ ондай гүл, апарып өсірем” дейтін.

Бір барсаң бәрі бау болып жайқалып тұр. Сонда жарықтық бәрін бір-бір таныстырады ғой: есіңде ме, мынаны міне бір жерден, мынаны осынау құрбың үйінен алғам, мынаны бәлністен алғам, - дейді ғой асылым-ай!⠀

Анам қайтқанда сол гүлдерді батаға келген кіл жақсылар бөлісіп алып кетті. Өсірейік, өндірейік деп, Алла разы болсын! Сауабы барып тұрған шығар… Анам кетті… Гүлдер де азайды, таусылды дегендей… Өмір ғой… Иесін жоқтап, жатырқады ма екен жарықтықтар…

Сонымен не керек, анамнан көріп өскенім: гүл көрсем жанынан жәй өте алмаймын. Иіскемей, тиіспей, сүйсінбей, еміренбей тұрмаймын. Ол да тірі ағза, жанды жаратылыс. Бала сияқты, адам тәрізді - бәрін сезеді. Мейірім берсең жайқалып өседі. Зәбір берсең зәресі ұшып, жоқ болады. Гүл өсіргім, көбейтіп, көктетіп жібергім келіп тұрады. Өзі маған жолап кеткен әр нәрсе еселеніп, көбейіп кете бере ме, бірдеме. Берекелі әйелмін деп қояйыншы. Сіз гүлге қалай қарайсыз?! Гүл өсіресіз бе жалпы?! - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Ләйлә Сұлтанқызының ерекше биі желіні жарды (видео)
Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа адам кіргізген (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу