Ырысбек Дәбей. Қаңғыбас жарық
Көзімді сығып күрсінуіме иланды жалған,
Жаңбырын төгіп
Жасағанға айтты жалыққанымды.
Қызығы кетіп
сайтан сандалған қирандылардан,
Емге іздеп жүрмін
іңір боп кеткен жарықтарымды.
Шашылып кеткен
шуақтарыма түн келіп тағы,
Аузын ашады арам нәпсісін алдына салып.
Өкініш болды-ау,
тірілгеніміз бірге өліп барып,
Сөкпегем сені!
Тіміскіленген қаңғыбас Жарық...