Ырысбек Дәбей. Ораза
Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам...
Үркер төбеден ауғанда
тәуекел еткен бұрынғылар,
Еріндері кеберсіп күнді батырып...
Сам жамырап, жұлдыз кірпігін қаққан шақ,
Тұр бізді
Ұлы ғибадаттың шәрбат – дәмі шақырып...