Ырысбек Дәбей. Ант

Oinet.kz 19-07-2020 786

image.png

Бұл тұман сейілер,

Зарыққан сапарға сені іздеп шығайын.

Көкжиек сімірген –

Көп тарау, көк иірім жолдарым.

Сыбыры сиқырлы әуеннен сұрайын,

Түнектен жүрекке нота боп

жайылар қолдарың.

Жолдарым қуантар,

Уағдалы сағатта.

Ақ қырау жүргінші таңдайын жібітер.

Жанымның мәрмәрі шашылған параққа.

Сол кермек тамшыны ақ қайың бүрінен

Кім ішер?

...Күтуге келеді сол ару бүгінде,

Ертерек есейген һәм мұңлы дидары.

Сұп-суық жел есер,

Ормандар ән салар уілдеп,

Еске алып антымды

Сертіме иланып...

Бек Жылқыбаев: Мен ешкімді аямаймын
Бек Жылқыбаев: Қалаған ем, қайдасың сен, о, Тыныштық,
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу