Бек Жылқыбаев: Қалаған ем, қайдасың сен, о, Тыныштық,
Қалаған ем, қайдасың сен, о, Тыныштық,
Келші маған,
Құшақты ашып өте ыстық...
...Адамдардан қашсам дағы алыстарға,
Өз-өзімнен қаша алмадым,
Өкінішті!
Өкінішті!
Түсінер жан табылмады,
Жараларым тереңдеді, таңылмады.
Оралып бір, өткен күннің сағынышы,
Ойға келіп,
Уақытымды тағы ұрлады.
Көмектеспес көлдері де, тауы дағы,
Көмектеспес күн күркірі, жауындары.
Қандай қиын ұға алмаса, біле алмаса,
Жағдайыңды дос, танысың жаныңдағы.
Сырластарым!
Қалың дәптер, қаламым-ау,
Көңіл күйді көріп, сезбез дала мынау.
Кеше-бүгін ашылмаған көк аспандай,
Келешекте ашылмай-ақ қаламын-ау.
Жан-тәнімді жүрмін әлі жылыта алмай,
Ұрттасам ба? Ішсем бе екен?
Ұмытардай...