Ақ бата. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 858

Армысыздар, ағайын,

Көңіл кілтін табайын.

Сыр сандығын ақтарып,

Жырдан шашу шашайын.


Балаларым - келіндер,

Иіліп сәлем беріңдер.

Батасын алып халқымның,

Тек жақсыға еріңдер.


Біріңді-бірің қаладың,

Мәңгілікке санадың.

Отауды тігіп ортадан,

Бақытқа оны баладың.


Бақытты бол, балдарым,

Орындалсын арманың! 

Бәйгеге қостым сендерді, 

Қатардан кейін қалмағын.

Мектеп туралы өлең
Ұстазға арналған өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу