Ұстазға арналған өлең

Oinet.kz 01-01-2020 812

Ұстаздарым ақыл берген біліммен,

Сөйледім мен жүрегімнің үнімен.

Ризалыққа толы сол бір сезімді,

Жеткізе алман өлеңнің де тілімен.


Ұстаздарым, көңілімді жырлаттың,

Сезе білдің сұлулығын гүл бақтың.

Сіздер берген сол білімнің күшімен,

Шешемін де таба білдім жұмбақтың.


Ұстаздарым, биіктерге самғатқан,

Арайланып ата берер әлі ақ таң.

Жүректегі сезімдерім сіздерге,

Бүгін міне өлеңімді арнатқан.


Көк аспанда тұрған кезде күн күліп,

Қарамаймын болашаққа түңіліп.

Ұстаздарым, аман болсам сіздерді,

Өмір бойы өтермін мен жыр қылып.

Ақ бата. Өлең
Сары қыз. Өлең.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу