Сары қыз. Өлең.
Сағым болған, сары қыз,
Естен кетпес әніңіз.
Жастық шақта қосылып,
Айтушы едік бәріміз.
Сары алтындай сарғайдық,
Жол түспеді шалғай қып.
Туған күніңді есітіп,
Қуандық та марқайдық.
Анаң қалай өсірген,
Жұмсақ мінез есілген.
Дүниеге келіпсің
Ғаникамал есіммен.
Биіктегені бағаңның,
Арқасы Ғани ағаңның.
Әруақтары қолдайтын,
Түбінде бар-ау, тағаңның.
Серік Дербісбаев