Достар туралы өлең

Oinet.kz 10-01-2020 907

Өмірдің көп қой қызығы,

Арада жүрер бұзығы.

Саралап салсаң санаңа,

Құлақта тұрар ызыңы.


Жастық шақта жарқылда,

Жақсы ісің қалсын артыңда.

Шындықты ғана айтудан,

Еш уақытта тартынба.


Дүниеге кетер тарылып,

Ойыңнан қалсаң жаңылып.

Әлемде сендей жан жоқтай,

Отырма ойға таңылып.

Серік Дербісбаев

Сары қыз. Өлең.
Нәзік жан. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу