Сағыныш. Өлең
Жүрегім бұлқынады,
Қаймақтай жыр тұнады.
Кетемін құстай ұшып,
Тербетіп ыстық әні.
Пәк сезім тылсым әлі,
Тыпыршып ынтығады.
Кезінде айта алмасам,
Ішімде тұншығады.
Жаңадан жыр туады,
Жарыққа ұмтылады.
Бас қосып достарыммен,
Барлық сый айтылады.
Серік ДЕРБІСБАЕВ