Сағынарсың еліңді. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 718

Қарындасым-қарлығашым,

Еліңді сен сағынарсың.

Өз еліңді тауып алып,

Тағдырыңа бағынарсың.


Өмір өзі солай екен,

Қыз баласы қонақ екен.

Теңін тауып кеткеннен соң,

Сыйласыңдай болады екен.


Біздің елде бой жеттіңіз,

Кісі елінде төрлеттіңіз.

Қайын жұртпен араласып,

Ата-жұртқа кеп кетіңіз.


Барған жерде бағыңды ашсын,

Қуанышың толып жатсын.

Ақ босағаң құтты болып,

Бет алдыңнан жарылқасын.

Серік ДЕРБІСБАЕВ

Сағыныш. Өлең
Ұстазыма. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу