Шынайы сезім. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 1121

Бір кездері сен маған қол жетпейтін арман ең,

Көп сұлудың ішінен бір өзіңді таңдап ем.

Бақыт жыры айтылып, тағдырымыз қосылып,

Өзіңменен отбасы қызығын да жалғап ем.


Мың қыз қоршап тұрса да байқамадым басқаны,

Көз алдымда сен тұрдың, махаббаттың асқары.

Қор қызындай көріндің қос жанарың от бүркіп,

Ашық-жарқын мінезің ғашық отын тастады.


Жан-жүректі шарпыдың өзгешелеу сезіммен,

Өзіңді оймен шақырдым, кездерім аз көз ілген.

Бәрін несін айтайын бірге жүрген шақтардың,

Махаббаттың отына шыдап келем төзіммен.


Ғашық жандар бірін-бірі өмір бақи сыйлайды,

Ғашық жандар бірін-бірі жамандыққа қимайды.

Ғашық сезім болмастан бұл өмірді сүргеннің,

Барлық кешкен ғұмыры көк тиынға тұрмайды.

Серік ДЕРБІСБАЕВ

Келіндер. Өлең
Сағыныш. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу