Келіндер. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 1075

Өзге елден келдіңдер,

Иіліп сәлем бердіңдер.

Көркі болып әулеттің,

Шуағы болып ендіңдер.


Қуанттыңдар елімді,

Көбейттіңдер төлімді.

Жалғастырып ұрпақты,

Жайнаттыңдар төрімді.


Береке дарып асыңа,

Ынтымақ тұрар жасыңа.

Ақылдасып шешкеннің,

Бақ құсы қонар басыңа.


Келін, келін, келіндер,

Тату боп, өсіп өніңдер.

Тәрбиелеген ұл, қыздың,

Қызығын да көріңдер.

Серік ДЕРБІСБАЕВ

Өмір. Өлең
Шынайы сезім. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу