Өмір. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 867

Бір сәттік қасы-қағым мына өмірде,

Әр түрлі ойлар келіп-кетеді көңілге.

Жастық шағыңда дос құрбылармен бір жүріп,

ойнап күлмесең, осынау өмір -өмір ме?!


Ұлы өзендей сарқырап аққан өмірде,

Қуаныш пен мұң алмасып келер көңілге.

Толқынға сонау құлшынып қарсы жүзбесең,

Еңбек етпесең, осынау өмір - өмір ме?


Қызғалдақ гүлдей құлпырған мына өмірде,

Жүрек ән салып, сайрайды бұлбұл көңілде.

Жарық жалғанның қадірін білмей өтсең сен,

Мына дүние, осынау өмір - өмір ме?!

Алтын аймақ. Өлең
Келіндер. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу