Алтын аймақ. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 780

Алып жатқан үлкен жерді көлемді,

Аппақ алтын - жайнап өскен мақта бар.

Құшағыңда бүршік жардым, гүлдедім,

Қасиетті туған жерім - Мақтаарал.


Туған жерім бесігіңде тербеліп,

Жаңға жайлы әлдиіңді тыңдадым.

Махаббатың өміріме нәр беріп,

Жайнап өсіп, арайланды жыр-бағым.


Табиғатым - жер бетінің жұмағы,

Өнер сүйер көпшіліктің тұрағы.

Жүрегімде жалын атқан бір сезім,

Тек өзіңді сағындырып тұрады.


Келді уақыт жан сырымды ақтарар,

Туған жерім бүлдіршінін аққа орар.

Сен бар болсаң - мен өлмеспін ешқашан,

Жүз жасағын, мың жасағын, Мақтаарал!

2030 жылында
Өмір. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу