Достық туралы тақпақ

Oinet.kz 08-01-2020 1593

Уа, шіркін, қайда кеткен қимас достар,

Көңілдегі қуаныш, сыйластықтар.

Еске алсақ, өткен-кеткен қызықтарды,

Қызығушы еді, біздерге кейбір жастар.


Жазылмастан жұбымыз, бірге жүрдік,

Жатақхана, пәтерде бірге тұрдық.

Жастық шақты өткізіп өздеріңмен,

Биігіне арманның құлаш ұрдық.


Бірге өстік кішкентай бір ауылда,

Қызметтес болдық та бір қауымда.

Сағыныштан көрмесек тұра алмаушы ек,

Достығымыз қалған ба жағалауда.


Тіршіліктің жолдары тарау-тарау,

Жұдырықтай жүрегім қырық жамау.

Толып тұрса ортамыз өздеріңмен,

Келмес еді көңілге мұндай сауал.

Серік Дербісбаев

Іздеріңді жалғап жүр балаларың. Өлең
Ақындық. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу