Іздеріңді жалғап жүр балаларың. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 967

Жаңа ғасырға аттандық құрбыларым,

Жүздеріңді көрген сайын құлпырамын.

Мына өмірден күнделікті сабақ алып,

Кездескен құрдастарымнан сыр ұғамын.


Достарым, қайдасыңдар ақтарған сыр,

Көрейік жүздеріңді от болған нұр.

Барамыз-ау, қария болып жылдан жылға,

Жүрегімізді сыздатып сағыныш жыр.


Жаңа жылды қуанып қарсы алайық,

Жаңа ғасырға өткенді бақ санайық.

Күн шуағынан нәр алған қазағыма,

Егеменді ел болдық деп жар салайық.


Жаңа ғасыр жаңалығын ап келсін,

Халқым бұны басқа қонған бақ десін,

Ескі жылды шығарып сап құрметпен,

Жаңа дәуірде Қазақстаным гүлденсін.

Серік Дербісбаев

Ағаларыма. Өлең
Достық туралы тақпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу