Ағаларыма. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 1256

Зиялы, асыл, ардақты ағаларым,

Көз кеткен соң білінді бағаларың.

Араларың біртіндеп сиреп қалды,

Іздеріңді жалғап жүр балаларың.


Басыңнан қиын заман өткердіңдер,

Бақытты күнге ұрпақты жеткердіңдер.

Сұм ажалға тік тұрып, басты тіккен,

Не деген ер едіңдер, текті едіңдер?!


Саралап жаңа жолды салдыңыздар,

Отан үшін соғысқа бардыңыздар.

Жеңіс туын жүректе желбіретіп,

Жадымызда мәңгілік қалдыңыздар.


Өздеріңді еске алып аялаймыз,

Тіршілікте ісіңді бағалаймыз.

Әруағыңа бағыштап Құран оқып,
Жебеп жүр деп сіздерді сағалаймыз.

Елуге келдің, бауырым. Өлең
Іздеріңді жалғап жүр балаларың. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу