Елуге келдің, бауырым. Өлең
Арғымақ тектес желесің,
Қалды артта қанша белесің.
Жақын тартып бауырды,
Бір үзім нанды бөлесің.
Елуге келіп, құлпырдың,
Биіктерге ұмтылдың.
Ағаратын да шағы - осы,
Қара шашың мен мұртыңның.
Іздемей тегін алтынды,
Сақтай біл осы қалпыңды.
Ұл, қызың өсіп келеді,
Шығарар әлі даңқыңды.
Өмірге берген сертіңіз,
Жетпіс, сексеннен өтіңіз.
Тоқсан мен жүзді еңсеріп,
Қариялыққа жетіңіз.