Баласының анасына айтқаны. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 2098

Ақыл айтар ақылшым,

Балаға өзің жақынсың.

Тауқыметті көп көрген,

Анашым, енді, бақұлсың.


Жаныңа шипа таппадым,

Қол қусырып жатпадым.

Рухың разы болсын деп,

Дұға сөзін жаттадым.


Қош бол, енді, анашым,

Күйзелтіп жанды барасың.

Әр бір сөзіңді еске алсам,

Жүректе мәңгі қаласың.

Серік Дербісбаев

Тоқтар Әубәкіров туралы шығарма
Елуге келдің, бауырым. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу