Ақындық. Өлең
Ақындық - қиын өнер, сезіп келем,
Қадам бассам алдымнн кезекті өлең.
Бұл - қазақ, қазақ болып жаралғалы,
Қиындыққа сан түрлі төзіпті өлең.
Өлең - төзсе, мен неге төзе алмаймын,
Қиын деп мен өлеңнен безе алмаймын.
Жүрегім жүрек боп тұр сол өлеңмен,
Өлеңсіз сұлулықты сезе алмаймын.
Ақындық - ер жігітке бақыт екен,
Махаббат әр жүректен алған мекен.
Сөзіңді өлеңдетіп жеткізуден,
Артық бақыт өмірде болған ба екен?!,
Сабақ қылып өткенін өмірден,
Жазып жүрген қазақы көңілімен.
Шын бақыты ақынның - өлең, жыры,
Шығып жатса халықтың көңілінен.
Жазу үшін бір шумақ өлеңімді,
Аялаймын қолға алып нұрлы күнді.
Сол шумақтың құдіреті арқасында,
Сеземін мен өзімнің тірлігімді.
Бағынбаған ешкімге ғарыштайын,
Жақсылармен мен неге таныспаймын?!
Сеземін, жазып бітсем, бір шумақты,
Балалықтан бір қадам алыстаймын.
Ертеңге мойын созып қарайлаймын,
Келешек не болар деп алаңдаймын.
Қырандай қияларға самғап жүрсем,
Қаламын өз шыңымда мен әрдайым!