Анашың қымбат алтыннан. Өлең
Ойнай берме далада,
Көңілді бөл анаға.
Азамат боп кетсең де,
"Ананың көңілі балада"!
Ардақтай біл анаңды,
Жақсы көрсең де балаңды.
Мейірім түссе елжіреп,
Ерітер сенің санаңды.
Ана қымбат алтыннан,
Алтынды табар талпынған.
Ананы іздеп таппайсың,
Сұрашы, мына, халқыңнан.
Анаға көңіл бөліңдер,
Сыйлықты арнап беріңдер.
Бүкіл әлемді тербетке,
Шапағат-нұрын көріңдер.
Ақ жаулықты аналар,
Құрметтесін балалар.
Тәрбие алып сіздерден,
Шыға берсін даналар.
Серік Дербісбаев