Қанаты бүтін сұңқар жоқ. Өлең

Oinet.kz 08-01-2020 2759

Сабырмен қара жалпыға,

Сабыр ет, қалқам, сарқылма!

Қапияда тап болдың,

Орны толмас қайғыға!


Сүрінбейтін тұлпар жоқ,

Қанаты бүтін сұңқар жоқ.

Төрт құбыласы тең келер,

Бұл дүниеде сұлтан жоқ.


Жылай берме беріліп,

Қинала берме егіліп.

Қайта айналып келмейді,

Қамыққанмен төгіліп.


Басқа салса, көнесің ,

Көңіліңді енді бөлесің.

Құран оқып бағыштап,

Құлшылық ете бересің.

Қазақ киносы туралы шығарма
Анашың қымбат алтыннан. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу